2023 жылдың 17 қараша күні оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту мақсатында жалпы пәндер бойынша мектепішілік олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 8-11 сыныптар оқушылары арасында барлығы 72 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен І орын алған оқушылар іріктеліп, аудандық кезеңге өтті. Алдағы уақытта әр пән бойынша аудандық кезеңге дайындық жұмыстары ұйымдастырылады.
Олимпиада