2023 жылдың 27 қаңтарында «Қ.Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ-де «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы аясында математика мұғалімдері Л.В.Очеретенко мен Л.Н.Купавцева 5 Б және 5 В сынып оқушыларына «Әр күнге арналған математикa» тақырыбында квест-ойын өткізді.
Ойын мақсаты: оқушылардың ой-өрісі мен логикалық ойлауын кеңейту, танымдық қызығушылықты, интеллектті дамыту, білімдерін үздіксіз жетілдіруге деген ұмтылысты тәрбиелеу, ортада жылдам шешім қабылдау мүмкіндігі; достық қарым-қатынасты қалыптастыру, командада жұмыс істей білу.