Қазақ тілі және әдебиеті апталығы:«XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!»
            
             
                        
	16 қаңтар күні Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың тақырыбы: «XXI ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!»
	Мақсаты : Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
	Міндеттер: оқушылардың тіл, әдебиет сабағына деген қызығушылықтарын дамыту; 
	орфографиялық сауаттылық деңгейін арттыру;
	оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;
	оқушылардың сөздік қорын байыту;
	оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту;
	отбасылық кітап оқу дәстүрін жандандырып, жетілдіру. I және II ауысым оқушыларына арналған салтанатты саптық жиындар өтті. Саптық жиында оқушылар қазақ тілінде өлеңдер оқыды,апталық жоспарымен танысты. Сынып жетекшілер «Мен елімнің ертеңімін» атты сынып сағаттарын өткізді.
             
                         
                        

 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    