Құрметті ата-аналар!
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталатынын еске саламыз. Осыған байланысты, 1 сыныпқа қабылдау үшін уақытылы өтініш беру өте маңызды. Өтінішті egov.kz немесе e.bilimal.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
- ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш 1 жұмыс күні қаралады.
1 сыныпқа қабылдау туралы