back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №2" ОО г.Шахтинска УО КО

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №2" ОО г.Шахтинска УО КО
????1 МАУСЫМДА «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ.
10-06-2024 07:43
????1 МАУСЫМДА  «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ.
????1 МАУСЫМДА  «БАЛАЛАР ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН» ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
 
???? 1–12 маусым аралығында Шахтинск қаласында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны өтеді. Іс-шара дәстүрлі түрде жыл сайын  Дүниежүзілік бала еңбегіне қарсы күрес күні шеңберінде өткізіледі.
 
???? Ақпараттық науқан балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу мәселесіне, оның ауқымы мен сипатына, бала мен қоғамға тигізетін зардаптарына қоғам назарын аудартуды көздейді. Сондай-ақ аталған мәселе жайлы,  осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негізінде жұртшылықты көбірек ақпараттандыруға бағытталған.
 
???? Науқан күндері әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттер көрмелер, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» сияқты рейдтік іс-шаралар, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. 
 
???? Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. 
 
Сондай-ақ, еңбек шарты он бес жасқа толған азаматтармен, олар орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда;
 
он төрт жасқа толған оқушылармен оқудан бос уақытында денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарды орындау үшін;
 
кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына, имандылық тұрғысынан дамуына және оқу процесіне нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он төрт жасқа толмағандармен жасалуы мүмкін.
 
Көрсетілген жағдайларда, еңбек шартына кәмелетке толмағандармен қатар оның заңды өкілдерінің біреуі қол қоюға тиіс. 
 
Жұмыс беруші кәмелетке толмаған азаматты жалдаумен еңбек шартын жасаспаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделген. 
Балаларды денсаулығына қауіп төндіруі, білім алуына кедергі келтіруі және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдау, тартуға тыйым салынады.
 
Балаларды бірге қорғайық!
Новости