back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №22"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №22"
Письмо по аттестации0404092634
23-05-2024 07:30
Письмо по аттестации0404092634

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (бұдан әрі - бұйрық) өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, ҚР Оқу-ағарту министрінің 02.04.2024 ж. №72 бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 02.04.2024ж. №34217 болып тіркелгендігін хабарлайды. Ресми жариялануы күтілуде.

Аталған бұйрық 2 қосымшада әзірленді:  

1-қосымша – ағымдағы жылы аттестаттау рәсімінен өтетін педагогтерге (І, ІІ және жоғары біліктілік санаттары бар педагогтер де) қатысты;

2-қосымша – педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының Ұлттық платформасы іске қосылғаннан кейін аттестаттау рәсімінен өтетін педагогтерге қатысты.

Сонымен қатар, педагогтің білімін бағалаудан (бұдан әрі – ПББ) өту кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталғанда 5 (бес) жылға шеттетілген педагогтерге 1 жыл толған жағдайда тыйым салынған актінің күші автоматты түрде жойылатынын хабарлаймыз.

Соның негізінде аттестаттау рәсімінен 5 (бес) жылға шеттетілген педагогтердің тізімі нақтыланып, биыл ПББ тапсыруға рұқсат берілуі тиіс.

Бүгінгі таңда педагогтердің ПББ-дан өтуі жөніндегі бұйрық дайындалуда және тестілеу а.ж. 11 сәуірінде басталады деп күтілуде.

Новости