back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Кусаинова Айнур Кенкозовна

Кусаинова Айнур Кенкозовна

Директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Кусаинова Айнур Кенкозовна  Қарағанды мемлекеттік университетінің  түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі 17 жыл.  Айнур Кенкозовна  талай жетістіктерге жетіп, мектепішілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.  Облыстық  «Әдістемелік вернисаж - 2015» байқауына қатысып  «Жаңашыл ұстаз» номинациясына,   мектепішілік «Үздік сынып жетекшісі-2016» байқауында «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясына ие болды. 

         2014 жылы, 08 желтоқсанда Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

     А.К.Кусаинова  ұстаздық қызмет атқарып жүрген Мағжан Жұмабаев атындағы   жалпы  білім беретін  қазақ мектебі жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізудегі 30 мектептің  қатарындағы бірден-бір мектеп. Айнур Кенкозовна бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (12 жылдық оқу бағдарламаларын) апробациядан өткізужұмыстарын аса жауапкершілікпен атқарып жүрген тәжірибелі маман.  Бұл жобаны алғаш болып жүзеге асыру Айнұр Кенкозовнаға  зор сенім ғана емес, екі есе міндет те жүктеп отыр.  Мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жүйесінде білікті ұстаз өте  маңызды рөл  атқарып,  әдістемелік  жұмыстар өткізуде.

Апробациялау барысында, Айнұр Кенкозовна   оқулық авторлармен кездесіп, жыл бойы оқулықта кеткен кемшіліктер мен оқулықтың бағдарламасы жайлы талдауға қатысып, авторлардың ой-пікірлерін тыңдап, ой бөлісті. 

Оқу жылы бойынша А.К.Кусаинова  Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерімен бірлесіп жұмыс атқарды. Атап айтқанда, командалық оқыту, «Lesson study» (Лессон стади) әдісі, кәсіби қоғамдастық құру, дарынды балаларды оқытудың озық тәжірибелерімен танысып, өз тәжірибесінде шеберлікпен қолдана білді.

Мектепте өткізілген «Әдістемелік жұмыс күндері» Айнұр Кенкозовна Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерімен бірлесіп шеберлік сабақтар, командалық сабақтар өткізді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдерімен бірлесіп педагог мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатындағы  коучинг – сессиялар  өткізеді. Әріптестерімен коучингтер өткізу барысында  мұғалімдерге үнемі оқыту мен оқуды қалай жақсартуға байланысты әдіс-тәсілдер туралы айтып түсіндіреді.  Айнур Кенкозиевна  әріптестерінің сабақтарына қатысып, нұсқаулар беріп отырады.

 Кусаинова  Айнұр Кенкозовнаның  жаңартылған білім мазмұнындағы үздік  сабақ жоспарлары Республикалық педагогикалық шеберлік орталығының сайтында жарияланды.Биылғы жылы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің  «Жаңартылған білім мазмұны аясында оқытудың белсенді формалары» тақырыбындағы секция жұмысына да  Кусаинова А.К.  берілген тапсырманы жауапкершілікпен атқарып, шығармашылық танытты. Секция жұмысында     қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспар мазмұнын талқылау, білім мазмұның жаңарту жағдайында көптілді оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері, критериалды бағалау формасын түсіндіру  жұмыстарын  атқарды.

        Айнур Кенкозовна байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол мұғалім. Ұстаз әрқашан  оқушыларға әділ және мұқият қарайды. Ол сабырлы және салмақты, әрбір баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтейді.  Ол өзінің жұмысын жақсы көреді және бар жан-тәнің береді.  Өз пәніне деген сүйіспеншілігін балаларға да  жеткізе алады. Өз білімін, балаларға беруге аянбайды. Оның сабақтары әр түрлі және қызықты өтеді.

           Ата-аналар Айнур Кенкозовнаның  сабақтарына, сыныптан тыс іс-шараларына белсенді қатысады. Айнур Кенкозовна  сабақтарын үнемі  түсінікті, қызықты өткізеді. Сабақтарында әр оқушы жұмыс істейді, ізденеді, зерттейді, оқиды, есеп шығарады.  Мұғалім танымдылық қызметін қалыптастыру  арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады: зерттеме, пікір сайыстар, экскурсиялар т.б. шаралар өткізеді.  Әрбір оқушының  жағымды және жағымсыз жасаған қылықтары, сынып жетекшінің назарынан тыс қалмайды. Ол әр жағдайға мұқият және сауатты қарайды.

Айнур Кенкозовна  балаларды үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді, туған-туысқандарын сүюге, достықты бағалай білуге тәрбиелейді. 

 Кусаинова А.К.  жеке уақытын аямай, барлық білімін, жан-дүниесін, мейірімін оқушыларға  береді.   Балалар зор құрметпен қарайды, өздерінің сырларымен бөліседі.  

        Айнур Кенкозовна  – өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол сынып жетекші, бастауыш сынып мұғалімі. Ол  оқушылар  мен ата-аналар алдында зор құрметке ие болып жүрген тәжірибелі  ұстаз.Мұғалімнің негізгі мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.    Сабақ беретін 2 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда.  Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Айнұр Кенкозовнаның  оқушыларының жетістіктері де баршылық. Атап айтқанда 2014/2015 оқу жылында  оқушылары Назымбеков Өміртай мен Өмірбек Әлішер «Пони» математикалық халықаралық конкурсына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті, 2015/16 оқу жылында  оқушысы Ахметов Рауан «Сиқырлы пластилин» республикалық интернет-байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Новости