

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК ұжымының атынан шын жүректен қарсы аламыз!
Біздің бөбекжайымыздың тарихы 1951 жылдан бастау алады. Осы жылдар ішінде ұрпақ тәрбиесіне адал қызмет етіп, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына қолайлы, қауіпсіз әрі мейірімді білім беру ортасын қалыптастырып келеді.
Бүгінде бөбекжайымыз «Инклюзивті балабақша – Инклюзивті мектеп – Инклюзивті колледж» республикалық жобасын және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әзірлеген «Жас оқырман» әлеуметтік-педагогикалық жобасын табысты жүзеге асыруда. Бұл жобалар әрбір баланың қабілетін ашуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға және қоғамда еркін бейімделуіне бағытталған.
Заманауи талаптарға сәйкес педагогтеріміз оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіруде. Әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.
Бөбекжайымызда тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтиды:
-
қоршаған ортаны танып-білуге және зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;
-
музыкаға, өнерге және шығармашылыққа сүйіспеншілігін арттыру;
-
ана тілінде және өзге тілдерде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;
-
патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарды, толеранттылықты және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
-
балалардың шығармашылық қабілеттері мен дарындарын ашып, жеке мүмкіндіктерін дамыту;
-
денсаулығын нығайтып, қауіпсіз өмір салтының негіздерін қалыптастыру.