back-image
"Балбөбек" бөбекжайы" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Балбөбек" бөбекжайы" КМҚК

Главная страница

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті ата-аналар!

Сіздерді «Балбөбек» бөбекжайы» КМҚК ұжымының атынан шын жүректен қарсы аламыз!

Біздің бөбекжайымыздың тарихы 1951 жылдан бастау алады. Осы жылдар ішінде ұрпақ тәрбиесіне адал қызмет етіп, бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына қолайлы, қауіпсіз әрі мейірімді білім беру ортасын қалыптастырып келеді.

Бүгінде бөбекжайымыз «Инклюзивті балабақша – Инклюзивті мектеп – Инклюзивті колледж» республикалық жобасын және Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әзірлеген «Жас оқырман» әлеуметтік-педагогикалық жобасын табысты жүзеге асыруда. Бұл жобалар әрбір баланың қабілетін ашуға, білімге деген қызығушылығын арттыруға және қоғамда еркін бейімделуіне бағытталған.

Заманауи талаптарға сәйкес педагогтеріміз оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдаланып, кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіруде. Әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады.

Бөбекжайымызда тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтиды:

  • қоршаған ортаны танып-білуге және зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру;

  • музыкаға, өнерге және шығармашылыққа сүйіспеншілігін арттыру;

  • ана тілінде және өзге тілдерде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;

  • патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарды, толеранттылықты және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;

  • балалардың шығармашылық қабілеттері мен дарындарын ашып, жеке мүмкіндіктерін дамыту;

  • денсаулығын нығайтып, қауіпсіз өмір салтының негіздерін қалыптастыру.

Біздің басты мақсатымыз – әрбір бүлдіршіннің өзін бақытты, қауіпсіз әрі сенімді сезінуіне жағдай жасап, оның тұлғалық, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту. Біз ата-аналармен өзара сенім мен серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және баланың жарқын болашағын бірге қалыптастыруға дайынбыз.

Қош келдіңіздер! Бірлесе еңбек етіп, балаларымыздың бақытты балалық шағы мен жарқын болашағына бірге жол ашайық!

Новости