«Білім беру басқармасы ММНұра аудандық білім беру бөлімі»
КММ «Нұра жалпы орта білім беретін мектебі»
МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚММ«Нұра жалпы орта білім беретін мектебі» 2020 -2025жылдар
Изенді ауылы 2020
Бағдарлама жетекшісі:
Директор _____________Қыдырғанбеков Е.Е. қолы
Бағдарлама әзірлеушілер:
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: ________________Жалмаганбетова М.А қолы … … …
Кеңесші:___________ Оспанов А.У. қолы
Кеңесші:____________ Қасымбаева А.Ж._____(ҚО ББД ОӘО әдіскері) қолы
Нұра ЖОББМ Әдістемелік Кеңесімен ұсынылған № _5__ «_3__» __маусым_ 2020 г. Хаттама
Хатшы: _ Лауазымы ________________ Алибекова А.Т. қолы
Білім бөлімінің Әдістемелік Кеңесімен ұсынылған № ___ «___» _________ 2020 г. хаттама
Хатшы: Лауазымы ________________ _______________________________ қолы
МАЗМҰНЫ
|
Бөлім № |
Бөлімдердің атаулары |
бет |
|
Мектепті дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасының паспорты.
|
4-5 |
|
Білім беруді ұйымдастыру туралы ақпараттық анықтама |
5-6 |
|
Мектеп қызметін талдау |
6-17 |
|
Білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы |
17-18 |
|
Мектептің дамуының 5 академиялық жылға арналған стратегиялық жоспары (2020 - 2025) |
19 |
|
1стратегиялық бағыт |
19-20 |
|
2стратегиялық бағыт |
20-21 |
|
3стратегиялық бағыт |
21-22 |
|
4стратегиялық бағыт |
22-23 |
|
5 стратегиялық бағыт |
23-24 |
|
Мектептегі іс-шаралардың жоспары |
25-27 |
I. Мектепті дамыту Паспорты
«Нұра жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
(Жарлық бойынша білім беруді ұйымдастыру атаулары)
2020__-_2025___жылдарға
МДБ нормативті-құқықтық қолдау |
|
Миссия |
Ауыл оқушыларына үздік білім ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру кешеніне кіретін шағын жинақты мектептердің кадрлық, ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық әлеуетін нығайту. |
МДБмақсаты |
Тәрбиеленушілер мен оқушылардың білім алу мұқтаждықтарына сәйкес барлық деңгейде білім алу сапасымен және қолжетімділікпен қамтамасыз ету, зияткерлік, физикалық, рухани дамыған және табысты тұлға қалыптастыру. |
МДБміндеттері |
- Оқу мен оқыту үрдісінің сапалы болуына қолайлы жағдай жасау; - Іскер, шығармашыл, білікті оқытушылар тобын қалыптастыру; - Жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырып шығару. |
МДБ күтілетін нәтижелері (Нысаналы индикаторлар және МДБ көрсеткіштері) |
- Педагогтердің кәсіби шеберлігі артады; - Ұлтжанды, отансүйгіш оқушылар тәрбиеленеді;
|
МДБ Бағдарламасыдамуының негізгі бағыттары |
|
Бағдарламаны іске асыру мерзімі |
2020 -2025жж.
|
МДБ орындауды ұйымдастыру және бақылау
|
маусым, желтоқсан |
- Білім беруді ұйымдастыру туралы ақпараттық анықтама
Білім беруді ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы:
Толық атауы: |
Коммуналдықмемлекеттікмекеме «Нұра жалпы орта білім беретін мектебі» |
Заңды мекенжайы: |
100912, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы, Бокаев көшесі, 17 үй. |
Телефон:
|
8(721)4451476 |
Мекеме түрі: |
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары (жалпы орта) |
Оқыту тілі: |
қазақ |
Құрылыс салынған жылы: |
1974 жыл
|
Соңғы күрделі жөндеуден өткен жыл: |
2016 жыл |
Қабаттар саны |
2 |
Ғимарат аумағы: |
2593 м2 |
Мектептіңжобалықсыйымдылығы: |
320адам |
- Мектеп қызметін талдау
SWOT талдау
Басым жақтары |
Әлсіз жақтары |
1. Педагог мамандарының толық болуы; 2. Педагог кадрлардың кәсіби біліктілігінің артуы,шығармашылық белсенділігі бар ұстаздардың болуы. 3. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша оқушылардың аудандық, облыстық пән олимпиадаларынан жүлделі орындар алуы, ғылыми жоба сайыстарына үнемі қатысулары; 4.Дарынды оқушылармен жасалатын жұмыстардың нәтижелі болуы; 5.Мектептегі білім беру бағдарламаларының толық іске асуы; 6. Материалдық – техникалық базаның біртіндеп жабдықталуы;ақпараттық технологияларды қолдану. |
1. Білім сапасының жаратылыстану пәндерінің төмендігі; 2.Ғаламтор жүйесінің төмен дәрежеде жұмыс істеуі; 3.Психологиялық қызметтің төмендігі. 4.Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша оқушылардың олимпиадаларға, интеллектуалды байқауларға дайындықтарының төмендігі; 5. Педагог кадрларының кәсіби біліктілігінің сәйкес келмеуі (үштілдікке көшу жағдайында); 6. Үштік одақ (мұғалім-ата-ана-оқушы) жұмысының төмендігі.
|
Мүмкіндіктер |
Қауіп-қатерлер |
1.Оқушы қабілетіне қарай жан-жақты,заманауи білім беру; 2.Педагогтерді семинар, курс, жазғы, күзгі мектептерге оқуға жіберу;ПШО және «Өрлеу»институтынан,оқу-әдістемелік орталығынан көмек алу. 3.Әдістемелік бірлестік жұмыстарын нығайту; 4.Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша зертхана жұмыстарын жетілдіру («Жаратылыстану ғылымдарының әлемі» зертханасын ашу); 5.Мұғалім-ата-ана-оқушы арасындағы байланысты нығайту. 6.Психологиялық қызметті жандандыру. |
1. Оқушы контингентінің азаюы;жақсы оқитындардың қалалық жерлерге оқуға кетуі. 2 Жас мамандардың шалғай жерлердегі мектептерге жұмысқа келмеуі; 3. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім сапасының төмендеуі. 4.Ақпараттық технологиялардың жетегінде ойлау мүмкіндігінің азаюы. 5.Мұғалімдердің орта жасы зейнеткерлікке таяу болуы. 6.Мектептегі оқу-әдістемелік кешендер мен материалдық-техникалық базаның аздығы. |
Проблемалар:
SWOT-талдаудың нәтижесінде және мектеп басшысы мен оқу ісі жөніндегі орынбасары, мұғалімде мен ата-аналардан алынған сауалнамалар қорытындыларының нәтижесінде:
- Мектептің сандық және сапалық көрсеткіштерін талдау нәтижесінде туындайтын проблемалар:
Мемлекеттік- қоғамдық:
Ауыл шаруашылық секторының орнықты дамуына жетуде білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруде елде және ауыл мектептерінде аймақтық білім беру кеңістігін құру сұранысы;
Ауылдық жердегі әлеуметтік-мәдени ортаны дамыту қажеттілігі;
Ауыл мектебінің жұмысына ата-аналар кауымын және жергілікті жұртшылықтың қатысуын ынталандыру қажеттілігі.
Жеке-тұлғалық
Тез өзгермелі әлемде табысқа жетуде, білім беру мүмкіндігін кеңейту;
Ауыл мұғалімінің мансабын, беделін көтеруге әрекет ету қажеттілігі
Бейіндік оқытуды жүзеге асыру, қабілетті дамыту қажеттілігі;
Ауылдық жерде қосымша білім алу қажеттілігі.
Топтық:
Әлеуметтік әділетті ұстанымға негізделген және сапалы білім беруге бағытталған басқарудың ұжымдық түрін дамыту қажеттілігі;
Тірек және шағын жинақты мектептердің білім беру ресурстарын шоғырландыруға сұранысы;
Баланың рухани- адамгершілік дамуын және сәтті әлеуметтендіруде базалық жағдай жасау;
Жаңа педагогтің рөлін жүзеге асыруда мұғалімдердің кәсіби- тұлғалық дайындығын қалыптастыру қажеттілігі;
Ұйымның оқу-тәрбие үрдісінің мәселелерін талдауға байланысты:
- Бір мұғалімнің әр пәннен әр түрлі сабақ жүргізуіне;
- Мұғалімде, оқушыларда жинақы сынып жағдайларында жұмыс жасаумен байланысты ерекше психоэмоционалдық қалыптың пайда болуына (бірсарындылық, психикалық зерігу)мүмкіндіктердің жоқ болуы;
- Тірек (негізгі) және шағын жинақы мектептердің мұғалімдері арасында жүйелік тәжірибе алмасу мүмкіндіктерінің жоқ болуы.
Шағын жинақы мектеп мұғалімдерінің жеткіліксіз біліктілігіне және оларды даярлау мен қайта даярлау жүйесіне байланысты мәселелерді талдаудан
Мұғалімнің жаңа сұраныстарға сәйкес құзіреттіліктеріне байланысты:
- өздігінен білім алудың нәтижелі әдістері мен амалдарын таңдауды;
- жинақы сыныптарда немесе шағын сынып жағдайларында оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеуді, бейімдеуді және құрастыруды;
- оқушылардың жеке жұмыстарын ұйымдастыруды;
- түрлі жастағы оқушылар ұжымының мүшелері арасында сенімді ахуал және қадірлестік құруды;
- мектеп ұжымының жұмысына қатысуға оқушылардың ата-аналарын тартуды;
- оқушыларды жергілікті әлеуметтік-мәдени, экономикалық үрдістерге тартуды.
Сонымен қатар, ШЖМ үшін мұғалімдерді даярлаудың орын алған жүйесі шағын жинақы мектеп жағдайларында оқытудың ерекшеліктерін жеткіліксіз жағдайда ескермейді, тәжірибелік жұмыстарға педагогикалық ғылым мен алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибенің жаңа жетістіктерін енгізуді қамтымайды.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау кескінінің, ҰБТ көрсеткіштерінің, мұғалімдермен және оқушылармен сұхбаттар нәтижесі жалпы білім беру дайындығының әлсіздігін және ШЖМ оқушыларының оқу деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Ауыл мектептерінің ақпараттық білім алу ортасының білім алу ресурстарын қолдану мәселелеріне байланысты шағын жинақы мектеп мәселелеріне айтарлықтай сандық алшақтыққа байланысты мәселелер:
- Ақпарат алуда мүмкіндіктердің тең болмауы, дағдылардың, желілік қарым-қатынас тәжірибесінің жоқ болуы, үй ресурстарын қолдану есебінен оқу үрдісіне көмек ретінде ұйымда білім алу қиыншылығы;
- Мұғалімдердің кәсіби өсу келешегінің төмендеуі;
- Ата-аналармен кері байланыстың болмауы, ата-аналардың мектеп жұмысына бейтарап қатысуы, білім алудың заманауи мүмкіндіктерін білмеуі, баланың жоғары білім алуына келешегінің нашарлауы.
Шағын жинақы мектептерді материалдық-техникалық қамсыздандыруға байланысты мәселелер сипаты:
- оқушылар үшін заманауи оқулықтың және қосымша әдебиеттің жеткіліксіз болуы;
- мұғалімнің өздігінен білім алу үшін әдістемелік құралдар мен материалдардың жетіспеушілігі;
- көрнекі құралдардың жетіспеушілігі;
- мектептің жиһазбен, компьютерлермен және білім алудың басқа да заманауи техникалық жабдықтарымен жеткіліксіз деңгейде қамтылуы;
- шағын жинақы мектеп мұғалімдері үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың жоқ болуы.
Өткен оқу жылындағы оқу-әдістемелік жұмысына талдау
Мектептің әдістемелік жұмысын талдау мақсаты:
оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігіне байланысты әдістемелік қамсыздандыру тұрғыдан мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау.
Мектептің әдістемелік қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:
-мұғалімдерге әдістемелік қолдау мен көмек көрсету,
-мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру.
Мектептің әдістемелік қызметінің міндеттері.
-мұғалімдердің білім беру, педагогикалық қызметтегі заманауи ғылыми жолдар туралы ақпараттық қамтамасыздығын ұйымдастыру;
-мұғалімнің ғылыми-теориялық, әдістемелік деңгейін арттыру;
-заманауи білім беру технологияларын меңгеру;
-озат педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және енгізу.
2019-2020 оқу жылында әдістемелік жұмыстың басым бағыты «Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыру арқылы жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған ұстанымды жүзеге асыру» тақырыбымен белгіленді.
Негізгі мақсаты:
Мұғалімнің кәсіби құзырлығын арттыруға, мұғалімдер мен оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қолайлы жағдайлар жасау; тұлғаға бағдарланған білімді күшейту арқылы дәстүрлі педагогикалық технологияларды жетілдіру.
2019-2020 оқу жылының міндеттері.
1. Педагогикалық үрдіске қатысушылардың шығармашылық және кәсіби белсенділігі дамуының педагогикалық жағдайларына талдау жасау.
2. Мұғалімдердің әдістемелік құзырлығы мен өз бетімен білім алуынарттыру жүйесін жетілдіру.
3. Әлеуметтік сау тұлға ретінде оқушының тәрбие жүйесін жетілдіруге жағдай жасау.
4. Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа білім беру ортасын әрі қарай дамуын қамтамасыз ету.
5. Пән мұғалімдеріне оқытудың жаңа әдістемелерін қолдану және білім сапасының тиімділігін қолдану үшін жұмыстарына жаңа педагогикалық технологияларын енгізу.
6. Оқушылардың даму динамикасын байқайтын, әр оқытудың кезеңінде біліктіліктің деңгейін белгілейтін диагностикалық жүйесін әзірлеу.
7. Қазіргі заман талаптарына сәйкес білім деңгейін қамтамасыз ету.
8. Оқушылардың өз бетімен білім алу және өзін-өзі дамыту дербестігін өркендету.
9. Үлгерімі төмен және дарынды оқушылармен саралап деңгейлеп оқыту жұмысын жетілдіру.
10. Сынып жетекшілерге өздерінің функционалдық лауазым міндеттерін айқын орындау, жүйелі түрде ұйытқы болу, ағымдық оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуде, мақсат қоюда және жоспарлауда шығармашылықпен жұмыс жасаудың ыңғайын білу.
11. Оқу-тәрбиелік және ұйымдастырушылық мәселелерді шешуде ата-аналарды нәтижелі де тиімді тарту бойынша жұмысты жандандыру.
12. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарын құру.
13. Оқу жылы барысында әдістемелік күндермен пән апталықтарыныңөткізілуін жоспарлау.
14. «Тұрақты даму үшін білім» тәжірибелік жұмыс жоспарының енгізілуін жалғастыру.
2019-2020 оқу жылындағы оқыту-әдістемелік жұмыстың талдауы.
2019-2020 оқу жылында мектепте«Мұғалімнің кәсібилік құзырлығын арттыру арқылы жан-жақты дамығанбәсекеге қабілетті тұлғақалыптастыруға бағытталған ұстанымды жүзеге асыру» тақырыбы бойынша жұмыс атқарылды..
Мұғалімдер келесі міндеттерді шешуге қатысты:
-Қол жетерлік білімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
-Білім сапасын арттыру.
-Өздігінен білім алу мен өздігінен дамуға қабілеті бар, адамгершілігі мол, үйлесімді және дені сау жеке тұлғаны дамыту.
Мектептің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
Жалпыға міндетті білім беру стандартының міндетті мөлшерін игеру негізінде білім алушылардың жалпы мәдениет тұлғасын қалыптастыру.
Олардың қоғамдағы өмірге бейімделуі.
Саналы түрде таңдау мен кейінгі кәсіби білім бағдарламаларды игеру үшін негіз құру.
Азаматтық пен елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, адамның құқықтары мен бостандығын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанына, отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы келесі нормативтік-ақпараттық құжаттармен реттеледі:
-ҚР «Білім туралы» Заңы.
-Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
-ҚР «Тіл туралы» Заңы.
-«2019-2020оқу жылында ҚР жалпы орта білім беру оқу мекемелерінде ғылым негіздері оқытылуының ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқаулық хаты.
-Мектеп жарғысы.
-Жұмыстың жеке тараптарын реттейтін актілер, ережелер (ҰБТ, ОЖСБ, ішкі еңбек тәртіп ережелері).
-Жылдық жұмыс жоспары.
-Штаттық кесте.
Әр мұғалім әдістемелік бірлестіктер бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
Мектепке жыл басында 112 соңында 101бала оқыды.
Мектеп құжаттамасының талдауы бойынша үйымдастырушылық-басшылық құжатнама бар, пежагогикалық кеңестің, директор жанындағы кеңестің хаттамаларында жазылып отырылады.
Педагогикалық кеңестің тақырыбы мектеп жұмысының жоспарына сәйкес, талқылауға шығарылған мәселелер әр түрлі және маңызды.
Номенклатуралық құжаттар қанағаттанарлық жағдайда.
Куәліктер мен аттестаттарды тіркеу кітаптары.Оқу жылының нәтижелері бойынша қатаң есептегі бланктарды тіркеу кітабында және сынып журналдарында бағалардың сәйкессіздігі болған жоқ. Мақтау қағаздарын тіркеу кітабы қанағаттанарлық жағдайда.
Оқушылардың жеке іс қағаздары. Оқу жылы барысында жеке іс қағаздары бірнеше рет тексерілді. Сынып жетекшілер сынып журналына жеке бас істердің нөмірін алфавиттік кітаптағы нөмірлерімен сәйкес жазған, оқушылардың кету немесе келу туралы мәлімет уақытында белгіленген. Кейбір оқушылардың іс қағаздарында аты-жөнінің сәйкессіздігі болды, бұл туралы кемшіліктер тексеру нәтижелері бойынша анықтамаларда көрсетілген.
Сынып журналдары.
-Көптеген мұғалімдер қатаң есептегі құжаттардың толтыруларына ұқыпты қарайды.
-Білім мазмұнының минимумы сақталған.
-Жазбаша, практикалық жұмыстар күнтізбелік-тақырыпта жоспарға сәйкес орындалған.
Бағалар қоры жеткілікті.
Бірақ оқу жылы ішінде тоқсандық және қорытынды бағалардың нақтылығы жөнінде ескертулер жасалды, кейбір мұғалімдер электрондық журналды, түзетулер, қатені өшірулер болған.Бұл жағдайлар дер кезінде тиісті қызметкерлерге ескертіліп, жөнделген.
Әкімшілік, педагогикалық ұжым биылғы оқу жылында мектептің қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуіне жағдай туғызып, техника қауіпсіздігін қадағалады.
Еңбекті қорғау бойынша нормативтік-құқықтық құжатнама мектептің типіне дайындық актісі, оқу кабинеттерінде сабақтарды өткізуге рұқсат берілгені туралы актілер бар.
2019-2020 оқу жылына арналған кабинеттерде ТҚ бойынша нұсқаулар әзірленген, нұсқаулар уақытында жүргізіліп, оқушылардың қолы қойылған. Санитарлық талаптар сақталған.
Мектеп басшылығы жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыздандыруына үнемі көңіл бөледі. Оқу жылы ішінде бракераж комиссиясы тағамдардың сапалығын тексеріп отырады. Мектеп бойынша тегін тамақтандырумен 30 оқушы қамтылды.
Тұрмысы төмен отбасыларындағы балалардың әлеуметтік кепілділігін мектеп қамтамасыз етеді. 2019-2020 оқу жылында есепте 30 бала тұр.
2019-2020 оқу жылында 6 оқушыға аудандық дәрігерлер алқасының психиатрі тарапынан даму мүмкіндігінің артта қалғандығы жөнінде анықтама берілді.Солардың ішінде екі оқушы облыстық дәрінерлік комиссиядан өтіп, ерекше қажеттілігі бар мүмкіндігі шектеулі оқушылар ретінде тіркелді. Мұндай оқушылар 5-сынып оқушысы Рыспаев Әділет және 8- сынып оқушысы Кеңес Ерсін.Осы екі оқушының мүмкіндігі ескеріліп, инклюзивті сыныптар ашылды. Бұл балалар жеңілдетілген тапсырмалар арқылы оқытылды.
Оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушыларды психологиялық тұрғысынан қамтамасыздандыру психологиялық қызмет жұмысының мақсаты болып табылады.Сондай –ақ әр пән мұғалімі аталған оқушылармен ерекше жұмыс жасады.
ОЖСБ және ҰБТ дайындық бойынша 4,9 және 11 сыныптарда профилактикалық жұмыс, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер арасында әңгімелер,дайындық консультациялары жүргізілді.жұмыстар жүргізілді.
Оқу жылы барысында ата-аналар жиналыстарында тоқсан сайын өткізіліп тұрды..
Атқарылған жылдық жұмысты талдай келе, психологиялық қызметтің төмендігін айта кету керек: ол педагогикалық ұжымның психологиялық қызметпен өзара әрекетінің нашарлығы.
2020-2021 оқу жылында психологтар жұмысын жетілдіру үшін келесі жұмыс жоспарланды:
-бірлескен нәтижелі жұмыс үшін оқушылардың ата-аналарымен жұмысты белсендіру, осы мақсатпен қазан айында 1-5 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-аналар сүйетін мектеп» жұмысының басталауы жоспарланды;
-әдістемелік қызметтің жабдықтауын жақсарту, әдістемелік іс-шараларды көбейту;
-кәсіби біліктілікті дамыту үшін өздігінен білім алуды жалғастыру.
-денсаулығына байланысты жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке жұмыстар ұйымдастыру.
Мектепте оқыту қазақ тілінде мектепалды даярлық тобы жұмыс істейді. Кабинеттері безендірілген және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздырылған.
Мектептің оқу үрдісі оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспарлармен, сабақ кестесімен реттеледі.
Сабақ екі ауысымда жүргізіледі, сабақтардың ұзақтығы 40 минут.
Оқу жүктеменің максималды көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен санитарлық нормаға сәйкес. Мектептің оқу жоспары базалық, мектеп және оқушы компоненттерінен құрылған. Оқу жоспарының мазмұны ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Облыстық Білім Басқармасының, аудандық білім беру бөлімінің бұйрықтарымен сәйкес.
Мектептің бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыздығы оқу жоспарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мектебіміз педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Педагогикалық ұжым 24 адамнан құрылған .Соның ішінде сабақ беретін мұғалімдер саны – 21. Олардың 17 жоғары білімді, 4 мұғалімнің білімі арнаулы орта.
Мұғалімдер МББ ҚБА және ҚДИ жоспарына сәйкес уақытында қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады.
2019-2020 оқу жылында жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің бесеуі деңгейлік курстарынан, ал үшеуі тренерліктен, біреуі критериалды бағалау үйлестірушісі, ағылшын тілінен жиынтық тапсырмалар материалдарын жасау мен сараптау курсынан бір мұғалім өтті.
2 мұғалім инклюзивтік білім беру курсы бойынша оқып бітірді.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау нәтижелері бойынша: 3 жоғары санатты,8 педагог-зерттеуші,педагог-сарапшы 3 мұғалім ,педагог-модератор 2және екінші санатты1 мұғалім қызмет етеді.
Педагогикалық ұжыммен әдістемелік жұмыс білім беру үрдісінің деңгейі, мұғалімдердің сұраныстары мен қажеттілігі, сондай-ақ білім алушылардың ерекшеліктері есепке алыну арқылы ұйымдастырылды.
Әдістемелік жұмыстың құрылымы мұғалімдердің мүдделеріне сәйкес.
Мектепте 5 әдістемелік бірлестік «Оқу пәндерінің оқытылу әдістемелік аймағында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, олардың білімдарлығының және құзырлығының деңгейін үздіксіз жетілдіру» тақырыбы бойынша жұмыс істейді.
ӘБ жетекшілері мектептің әдістемелік кеңесінің құрамында, олар жұмыстың негізгі бағыттарын үйлестіреді.
Әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуында пәндердің оқытылу сапасының және оқушымен бағдарламалық материалдарды игеру деңгейінің мониторингісі жүзеге асырылады.
2019-2020 оқу жылындағы білім беру үрдісінің нәтижелілігі.
Пән |
Білім сапасы |
Қазақ тілі |
73% |
Орыс тілі |
42% |
Ағылшын тілі |
40% |
Математика |
45% |
Физика |
53% |
Химия |
64% |
География |
56% |
Биология |
53% |
Тарих |
54% |
Алгебра |
57% |
Геометрия |
59% |
Информатика |
71% |
Жаратылыстану |
62% |
Оқу жылы барысында мектеп мұғалімдері пәндер бойынша тұрақты өткізілетін аудандық семинарларға қатысты.Сондай-ақ біздің мектепте де «Оқыту мен тәрбиелеудің ұштастырылуы арқылы болашаққа бейімдеу»тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған семинар қатысушылардың оң бағасын алды. Осы семинар шеңберінде бастауыш буын аралығында « Кім білімді» Қыдырғанбекова С.А., Итжанова К.және орта буын аралығында «Кім.Қайда.Қашан.» Айдарханова Ж.К. танымдық ойын сабақтары өткізді.-сынып оқушыларымен бірге Жалмаганбетова А.К. ауыл басшысы,ақын Білім меценаты Отарбаев Қ.Ж. кездесу ұйымдастырды.Семинар соңы оқушылар концертімен аяқталды.Қорытынды сөздерден соң кері байланыс жасалып, жақсы бағаланды.
Мектеп мұғалімдерінің жетекшілігімен бірнеше оқушылар ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты:
1. Есмұхан Гүлназ технология пәнінен пәнінен «Джуттық филигрань, пайдасы мен зияны»тақырыбында жоба қорғап,аудандық 1- орынды иеленді.
2 Бейбіт Іңкәр 3-сынып оқушысы «Қымыз – шипалы сусын»тақырыбындағы жобасымен 2- орынды жеңіп алды.
3.Абильдинова Нұрдана «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында жобасымен 2- орынды иеленіп қайтты.
4.Орыс тілінен Ақболатова Аида «Фразеологизмы в нашей речи» тақырыбында қорғап,сертификатқа ие болды.
Оқу жылы ішінде пән апталықтары, Тілдер күніне арналған онкүндік өткізілді. Тілдер күніне орай әр алуан сайыстар, поэзия кеші, сауаттылық байқауы, танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Пән апталықтарында пән бойынша мұғалімдер ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар көрсетті.
Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және интерактивті тақтаны қолдану арқылы ашық сабақтардың саны артты.
Дарынды балалармен жұмыс оқу жылының басында бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. ӘБ жұмысының арқасында мектеп пәндік олимпиадасын өткізу үшін материал дайындалды, олардың қорытындысы былтырғы жылмен салыстырмалы түрде талданды. Мектепішілік және аудандық олимпиадалардың нәтижелері бойынша мұғалімдер мынадай қорытындыға келді: дарынды балалармен пәндер бойынша жұмысты күшейту қажет.
Зияткерлік марафондар мен олимпиадаларға қатысатын оқушылар баршылық,дегенмен ата-аналар тарапынан қиындықтар туып жатады.»Ақбота» «Кенгуру-математика», «Бритиш Бульдог»байқауларына оқушылар қатыстырылды.»Зерек бала» зияткерлік марафонына қатысқан 5оқушының үшеуі жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық Клевер олимпиадасына он екі оқушы қатыстырылып, төртеуі жүлделі орын алды. Ағылшын тілінен екі 1- орын,қазақ тілінен бір 2- орын, орыс тілінен бір 3- орын.
Ұсыныстар:
-келесі оқу жылында оқу-тәрбие үрдісіне мұғалімдер жаңа технологияларды енгізсін;
-оқуға төмен ынтасы бар балалармен және дарынды балалармен жұмыс күшейтілсін;
-өз бетімен білім алудың тақырыбы бойынша мұғалімдер жұмысын жоспарласын.
Мектеп ғимараты 1974 жылда пайдалануға берілді.
бастауыш сыныптардың 1 кабинеті
қазақ тілінің 1 кабинеті
математиканың 1 кабинеті
тарих пәнінің 1 кабинеті
орыс тілі мен әдебиетінің 1 кабинеті
1технология кабинеті (кабинет меңгерушісі Айдарханова Ж.К.,
1 мектепалды даярлық тобының кабинеті/меңгерушісі Итжанова К./
Келесі кабинеттер паспортталған:
1 химия кабинеті (кабинет меңгерушісі Искаков Б.Ж.),
1технология кабинеті (кабинет меңгерушісі Айдарханова Ж.К.,
1 биология кабинеті (кабинет меңгерушісіИскакова Ж.Г..),
1 физика кабинеті (кабинет меңгерушісі Берлибекова Ж.М..),
1 АӘД кабинеті /меңгерушісі./ Жәркен А.И./
1 Мультиймедиялық кабинет /ағылшын тілі/Жалмаганбетова А.К.
1технологиялық шеберхана (кабинет меңгерушісі Берлибеков Ж.М..),
Мектепте спортзал бар. дәрігерлік кабинет бар. Мектепте кітапхана жұмыс істейді, оған мектеп оқушыларының барлығы барады.
Аз қамтылған отбасыларының, балалары, жетім балалар оқушыларымен 100% қамтылған Кітапхана жағдайы қанағаттанарлық, бірақ оқушыларды кітапхана активіне тарту керек.
Мектепте Интернет жүйесі орнатылған.
Мектептік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуына әкімшілік тарапынан қадағалау жасалады. Мектепішілік бақылау 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп жұмысының жоспары негізінде жүзеге асырылды.
Әкімшілік бақылаудың түрлі формаларын қолданады: тақырыптық, жеке, қорытынды-сыныптық. Осыған орай сабақтар қатысу жұмысы жүзеге асырылады.. Қатысқан сабақтардың талдауы мұғалімдердің заманауи сабақтарды дайындау кезінде кездесетін негізгі қиындықтарын анықтауға мүмкіндік берді:
1. Барлық оқушыларға оқу материалын тек игеретіп қана қоймай, олардың қабілеттері мен дайындық көлемінде дербестігін қамтамасыз ететін сабақтарды ұйымдастыру.
2. Оқытудың түрлі құралдарының кешенді қолданылуының, оның ішінде техникалық құралдардың да қолданылуының қажеттілігі.
3. Оқуға деген ынтаны тұжырымдау, тақырып бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын қозғау, олардың эмоционалдық көңіл-күйін арттыру және тәрбие, оқу мен дамудың бірлігін қамтамасыз ету күрделілігі.
Келесі сабақтар айқындалды:
1. Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушылардың байланысы өзгергендіктен сабақта мұғалім мен оқушылар әрекеттестігінің жаңа схемаларын іздеуді талап етеді.
2. Оқу материалының ақпараттылығы арттырылды, сонымен қатар сабақта мақсат пен міндеттерді қоюда және көптеген оқу-практикалық міндеттерді орындауда оқушылардың бедсенділігі төмендеді.
3. Кейбір мұғалімдер оқытудың түсіндіру-иллюстративтік түрінен толық арыла алмауы. Оқулықтарда оқу материалдың мазмұндауы ақпараттық сипатта, тапсырмалардың вариативтік түрінің, шығармашылықпен орындайтын тапсырмалардың жоқтығы.
4. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға сабақта мұғалім жұмысының негізінде мақсаттылығы жоқ, оқуға ынта бар оқушылармен жүйелі жұмыс жоқ.
Шығармашылық ізденістегі мұғалімдерге көңіл аударайық: Берлибекова Ж.М. Искакова Ж.Б. Искаков Б.Ж. Алибекова А.Т.Жалмаганбетова А.К.
Олардың сабақтары жұмыстың дәл ғылыми ұйымдастыруылығымен (тақтаны безендіруден, әр сабақтың мақсаттылығынан, сабақтың мақсатының жүзеге асырылуына дейін», сабақ өткізудің түрлілігімен ерекшеленеді.
Мектепішілік бақылаудың нәтижесі жүйеленген: мәліметтер кестелер, диаграммалар мен графиктер түрінде безендірілген. Нәтижелер педагогикалық кеңестерде, директор жанындағы кеңестерде талқыланады.
Материалдардың талдауы мектеп оқушыларының оқу мүмкіншіліктерін пайымдауға, жұмыстарын мақсатты өткізуге мүмкіндік береді.
Бірінеше жыл жүргізілетін мониторинг мектеп әкімшілігін нақты ақпаратпен қамтамасыз етеді, қойылған міндеттерін жұмыс нәтижелерінің арақатысын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Ұсынылсын:
Жаңа оқу жылында пән мұғалімдері сынып жетекшілерімен бірлесіп оқушылардың үлгерімі төмендеуіне байланысты оқытудың нәтижелілігін жүргізсін, үздік және екпінді оқушылар саны азаюна байланысты орта буында қатаң бақылау саясатын жүргізу.
Мұғалімнің кәсібилік аксиомасы бұрынғыдай болу керек: «Мұғалім кешегіден жақсы оқытуға міндетті. Оқушылар өздерінің білімдік және құзырлық деңгейін төмендетпей арттыруға тиісті. Тек осы жағдайда мұғалім өзін кәсіпқой педагогпын деп санайды».
Оқушылардың білімін нақты бағалауға ұмытпайық. Бұл проблема бар пән мұғалімдері оқушының әлсіз жақтарын білуге тиісті, жай бағаларды журналға қою түрінде емес, мүмкін, әр оқушының жеке өсу дәптерлері көмегімен әр оқылатын тақырып бойынша өз мониторингін жүргізу керек.
- Білім беру ұйымының даму тұжырымдамасы
|
||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|
||||||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||||||
|
- Мектептің дамуының 5 академиялық жылға арналған стратегиялық жоспары (2020 - 2025)
- 1стратегиялық бағыт. Білім беру сапасын дамыту
Мақсаты: Алған білімін өмірде қолдана алатын, бәсекеге қабілетті, дамуы тұрақты, заман талабына сай келетін тұлғаны оқытып қалыптастыру. |
Міндеттері :
- Оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету;
- Оқытудың жаңашыл әдістері мен технологияларын оқу үрдісіне енгізу|;
- Оқушылардың сабақтарда және сыныптан тыс уақыттарда зерттеушілік біліктіліктерін қалыптастыру;
- Педагогтердің әдістемелік жетілуін қамтамасыз ететін семинар, шеберлік сыныбын ұйымдастыру;
Мақсатты индикаторлар |
Аяқтау нысаны |
Бірл.өлшемі |
Факт 2019-20 о.ж. |
Жоспарлау мерзімінде |
||||
2020-21 жыл |
2021-22 жыл |
2022-23 жыл |
2023-24 жыл |
2024-25 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Индикатор 1.Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке схема бойынша (НЗМ тәжірибесі бойынша) жаңартылған білім беру бағдарламалармен оқыту үлесі |
2020 жыл |
% |
91% |
+ |
|
|
|
|
Индикатор 2.Мектепте білім беруде оқытудың сапа көрсеткіштері: оның ішінде үлгерімі «жақсы» және «үздік» оқушылар үлесі |
2025 жыл |
% |
53% |
55% |
60% |
65% |
68% |
70% |
Индикатор 3. Шеберлік сағаттары, семинарлар, вебинарлар, конкурстар арқылы кәсіптік шеберлігін көрсететін мұғалімдер үлесі |
2025 жыл |
% |
10% |
20% |
30% |
40% |
50% |
55% |
Мақсатты индикаторға жетудің жолдары, құралдары мен әдістері: |
||||||||
Көрсеткіш1. Оқу мен оқытуды тиімді жоспарлауын қамтамасыз ететін әдістемелік құралдарды шығару үлесі ( SMART өлшеміндегі сабақ жоспарлары, ОМЖ, ҚМЖ) |
2025жыл |
% |
15% |
20% |
25% |
30% |
35% |
40% |
Көрсеткіш2. Білім алушылардың олимпиадалар мен ғылыми жобаларға, халықаралық зерттеулеріне қатысу нәтижелері үлесі |
2025 жыл |
% |
10% |
15% |
20% |
22% |
25% |
30% |
Көрсеткіш3. Тәжірибелі мұғалімдердің әр түрлі байқаулар мен сайыстарға қатысуы. |
2023 жыл |
% |
20% |
30% |
35% |
40% |
|
|
Іс-шаралар |
Факт 2019-20 о.ж. |
2020-21 жыл |
2021-22 жыл |
2022-23 жыл |
2023-24 жыл |
2024-25 жыл |
||
Іс-шаралар1. «Жаңа форматты мұғалім» семинар өткізу |
+ |
+ |
|
|
|
|
||
Іс-шаралар2. «Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар3. «Ізденіс» шығармашылық тобын құру |
|
+ |
+ |
+ |
|
|
||
Іс-шаралар4. «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» аудандық семинар өткізу |
|
+ |
|
|
|
|
||
Іс-шаралар5. Пән апталықтарын өткізу |
|
+ |
|
|
|
|
- 2 стратегиялық бағыт. Адами ресурстарды дамыту.
Мақсаты: Мектептегі мұғалімдердің кәсіби біліктіліктері мен шеберліктерін жетілдіруге жағдай жасау.
Міндеттері: Инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Мақсатты индикаторлар |
Аяқтау нысаны |
Бірл.өлшемі |
Факт 2019-20 ж. |
Жоспарлау мерзімінде |
||||
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Индикатор 1.Педагогтердіңжалпы санынан жаңа форматтағы біліктілік санаттағы педагогтердің үлесін арттыру; |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Индикатор 2. Педагог қызметкерлердің жалпы санындағы жас педагог қызметкерлердің үлесі |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Мақсатты индикаторға жетудің жолдары, құралдары мен әдістері: |
||||||||
Көрсеткіш1.Үздіксіз білім беру курстарына қатысатын мұғалімдердің үлесі. |
2025 жыл |
% |
50% |
55% |
58% |
65% |
80% |
100% |
Көрсеткіш2.Педагогикалық сайыстарға, ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысатынмұғалімдердің үлесі |
2025 жыл |
% |
20% |
25% |
30% |
35% |
40% |
50% |
Іс-шаралар |
Факт 2020 ж |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||
Іс-шаралар1. Педагогтарды біліктілікті арттыру курстарына жіберу |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар2. Кәсіби байқаулар мен ғылыми жобаларға қатысуын қамтамасыз ету |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- 3 стратегиялық бағыт. Басқарудың алқалық формасын дамыту.
Мақсаты:
- Мектеп дамуының негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын көтеру шараларын қамтамасыз ету.
- Оқушылардың әлеуметтік қорғалуына жағдай жасау.
Міндеттері:
- Ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Нормативтік құжаттармен жүйелі жұмыс жасау реттілігін айқындау.
Мақсатты индикаторлар |
Аяқтау нысаны |
Бірл.өлшемі |
Факт 2019-20 ж. |
Жоспарлау мерзімінде |
||||
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Индикатор 1.Мектептің оқу-тәрбие үдерісі мен басқару қызметін қамқоршылық кеңес құру арқылы алқалық басқаруға енгізу үлесі |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Индикатор 2. Ата-аналармен байланысты нығайтып, «Үштік одақ» құру |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Мақсатты индикаторға жетудің жолдары, құралдары мен әдістері: |
||||||||
Көрсеткіш 1.Қамқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру. |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Көрсеткіш2.Белсенді ата-аналар санын көбейту |
2025 жыл |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Іс-шаралар |
Факт 2020 ж |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||
Іс-шаралар1. «Оқу мен тәрбие - егіз» ата-аналармен пікір алмасу алаңы |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар2. Сабақтан тыс танымдық ойындарға ата-аналар мен алқалы кеңес ұйымы мүшелерін қатыстыру . |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- 4 стратегиялық бағыт. Оқу процесінің жағдайын жасау.
Мақсаты: Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастырып, қабілетіне қарай білім алуына жағдай туғызу.
Міндеттері:Оқыту сапасын арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру. Оқушылардың ақпараттық-коммуникативтік шеберлігін дамыту. Оқушылардың денсаулықтарын нығайту мақсатында оқу процесінің ұйымдастырылуын жетілдіру.
Мақсатты индикаторлар |
Аяқтау нысаны |
Бірл.өлшемі |
Факт 2019-20 ж. |
Жоспарлау мерзімінде |
||||
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Индикатор 1.ПИК жабдықталған бөлмелер саны |
2025 жыл |
% |
18% |
35% |
45% |
50% |
60% |
70% |
Индикатор 2. Материалдық-техникалық база үлесі. |
2025 жыл |
% |
50% |
60% |
70% |
80% |
90% |
100% |
Индикатор 3. Инклюзивті білім беру сыныбының үлесі |
|
% |
18% |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Мақсатты индикаторға жетудің жолдары, құралдары мен әдістері: |
||||||||
Көрсеткіш 1.Барлық сынып бөлмелерін ПИК-пен жабдықтау |
2025 жыл |
+ |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Көрсеткіш2.Компьютерлер санын көбейту |
2025 жыл |
+ |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Көрсеткіш3.Кітапхана қорының молаюы: электрондық кітапханалар мен әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділік үлесі |
2025 жыл |
+ |
+
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Көрсеткіш4.Ерекше қажеттілігі бар балаларды білім берумен қамту. |
2025 жыл |
+ |
+
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Іс-шаралар |
Факт 2020 ж |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||
Іс-шаралар1. Білім беру бөлімімен бірлесе отырып АКТ жабдықталған кабинеттер санын көбейту |
2 |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар2. Оқу кабинеттерін жаңа форматты үлгіге сай жабдықтау. |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар3. Инклюзивті білім беру бойынша педагогикалық кеңестер алдын алу, түзету-психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларды жоспарлап, пәндер бойынша жеке мұғалімдердің жоспарларын бекіту. Ата-аналармен жұмыс жүргізу. |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- 5 стратегиялық бағыт. (Мектептің жеке ерекшеліктері)
Мақсаты : Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үдерісіне ізденімпаздық пен жаңашылдық енгізу.
Міндеттері :
- Оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл технологияларды енгізу.
- Сабақтан тыс уақытта танымдық ойындар, тақырыптық кештер өткізу арқылы дамыту.
- Әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық сабақтастықты жүйелі қолдану.
Мақсатты индикаторлар |
Аяқталу түрі |
Бірл.өлшемі |
Факт 2019-20 ж. |
Жоспарлау мерзімінде |
||||
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Индикатор 1.Жоғарғы сыныптарда жаратылыстану-математика циклінің пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшірудің (информатика, физика, химия және биология)курстан өткен мұғалімдер үлесі |
МДБ |
дана |
0 |
1 |
1 |
3 |
|
|
Индикатор 2.Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың оның ішінде балалардың жеке қабілеті мен талантына бағдарланған элективтік курстардың, робототехникалық, үйірмелерге қамту үлесі |
МДБ |
% |
25% |
30% |
35% |
38% |
45% |
50% |
Индикатор 3. Дарынды балалармен жұмыс |
|
% |
15% |
20% |
24% |
30% |
32% |
35% |
Мақсатты индикаторға жетудің жолдары, құралдары мен әдістері: |
||||||||
Көрсеткіш1. Жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық пәндерді біртіндеп ағылшын тілінде оқытуды енгізу |
МДБ |
дана |
0 |
1 |
1 |
3 |
|
|
Көрсеткіш 2. Үйірмелер мен спорт секцияларының жұмысын жақсарту. |
МДБ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
Іс-шаралар |
Факт 2020 ж |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
||
Іс-шаралар1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдерді курсқа жіберу және басқа мектептермен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу. |
+ |
+ |
|
|
|
|
||
Іс-шаралар2. «Үздік пән мұғалімі», «Үздік оқушы», «Үздік сынып» байқауларын өткізу. |
|
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
||
Іс-шаралар3. «Дарынды бала» жобасын жасау |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
+ |
- Мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған бағдарламасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспары
Нүра жалпы орта білім беретін мектебінің 2020-2021 жж. іс-шаралар жоспары
(МДБ іс-шаралар жоспары бір оқу жылына жасалады) |
||||||
Іс-шаралар |
Өткізілу мерзімі |
Жауаптылар |
Қатысушылар |
Күтілетін нәтиже |
Аяқталу түрі |
|
Атауы |
Өткізілу түрі |
|||||
«Жаңа форматты мұғалім» |
Семинар |
Қазан |
Мектеп әкімшілігі |
Пән мұғалімдері |
Жаңашыл, АКТ жетік меңгерген, құзыреттілігі жоғары |
Хаттама талдау |
«Зерде» оқушылардың ғылыми қоғамы |
Отырыс |
Қыркүйек |
Әдістемелік кеңес |
Оқушылар Мұғалімдер |
Ғылыми жұмыстарға баулу |
Жобалар |
«Ізденіс» шығармашылық тобын құру |
Отырыс |
Қыркүйек |
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары |
Мұғалімдер |
Кәсіби шеберлікті арттыру |
Жоспар |
«Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» |
Аудандық семинар |
Сәуір |
Мектеп әкімшілігі |
Мұғалімдер |
Тәжірибе алмасу |
Пікір алмасу, мануал |
Пән апталықтарын өткізу |
Апталықтар |
Жыл бойы |
Әдістемелік кеңес |
Мұғалімдер Оқушылар |
Білім сапасының артуы |
Есеп |
Педагогтардыбіліктіліктіарттырукурстарынажіберу |
Курс |
Жыл бойы |
Мектеп әкімшілігі |
Мұғалімдер |
Біліктілік арттыру |
Сертификат |
Кәсібибайқауларменғылымижобаларғақатысуынқамтамасызету |
Байқау түрлері |
Жыл бойы |
Мектеп әкімшілігі |
Мұғалімдер Оқушылар |
Кәсіби шеберлікті арттыру |
Сертификат Диплом |
«Оқу мен тәрбие - егіз» ата-аналармен пікір алмасу алаңы |
Дөңгелек үстел |
Қараша |
Мектеп әкімшілігі |
Мұғалімдер Ата-аналар |
Тығыз байланыс қалыптастыру |
Хаттама |
Сабақтан тыс танымдық ойындарға ата-аналар мен алқалы кеңес ұйымы мүшелерін қатыстыру . |
Байқау түрлері |
Жыл бойы |
Пән мұғалімдері |
Оқушылар Мұғалімдер Ата-аналар |
Қызығушылықты дамыту |
Фотосуретті есеп |
Оқу кабинеттерін жаңа форматты үлгіге сай жабдықтау. |
Жабдықтау |
Жыл бойы |
Кабинет меңгерушілері |
Қамқоршылық кеңес |
МТБ-ның нығаюы |
Есеп |
Инклюзивті білім беру бойынша педагогикалық кеңестер алдын алу, түзету-психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шараларды жоспарлап, пәндер бойынша жеке мұғалімдердің жоспарларын бекіту. Ата-аналармен жұмыс жүргізу. |
Жоспарлау |
Қыркүйек |
Пән мұғалімдері |
ӘБ мүшелері |
Жоспарлы жұмыс |
Құжаттар |
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы мұғалімдерді курсқа жіберу және басқа мектептермен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізу. |
Курс |
Жыл бойы |
Мектеп әкімшілігі |
Пән мұғалімдері |
10-11 сыныптарда жаратылыстану-математикалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту |
Жоспар |
«Үздік пән мұғалімі», «Үздік оқушы», «Үздік сынып» байқауларын өткізу. |
Байқау |
Желтоқсан Мамыр |
Мектеп әкімшілігі |
Мұғалімдер Оқушылар |
Ынталандыру |
Хаттама |
«Дарынды бала» жобасын жасау |
Сайыс |
Наурыз |
ОТЖ меңгерушілері
|
Оқушылар |
Ынталандыру |
Фотосуретті есеп |
***V кестеге ескертпе
1-4-стратегиялық бағыттар орта мектепті дамыту жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда көрсетілген талаптарға сәйкес келуі керек және барлық орта білім беру ұйымдары үшін бірдей.
5-стратегиялық бағыт мектеп дамуының жеке ерекшеліктерін көрсетеді.
«Мақсаттыиндикаторлар» бағанында SWOT талдауы және диагностикалық зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер келтірілген.
«Аяқталу түрі» бағанында индикаторға сәйкес мәліметтер ұсынылатын құжаттың атауы көрсетіледі.
«Бірліктер» бағанында. өлшем бірлігі көрсетілген:%, дана, пс. және т.б.
«Индикаторлар» жолында көрсеткішке қол жеткізуді қамтамасыз ететін құралдар көрсетіледі.
***VI кестеге ескертпе
______ оқу жылына арналған мектептің даму бағдарламасын іске асыру бойынша мектептің іс-шаралар жоспары әр оқу жылының басында 5 жылдық мектепті дамытудың стратегиялық жоспары кезеңінде (2020-2025 жж.) жасалуы керек.
«Аяқталу түрі» бағанында оның түріне байланысты оқиғаны көрсететін құжатты көрсету керек.