back-image
КГУ "Белагашская общеобразовательная школа"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Белагашская общеобразовательная школа"

Устав школы

"Қарағанды облысы

экономика басқармасы" ММ

басшысының 2021 жылғы 

"8"          01               №30 

бұйрығымен 

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қарағанды облысы білім басқармасының 

"Бұхар жырау ауданы білім беретін  мектебі"

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 

ЖАРҒЫСЫ

 

 

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер
1. Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім
бөлімінің «Белағаш жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) осы Жарғыда көрсетілген тиісті
функцияларды жүзеге асыру үшін мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында
құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып
табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме облыстың жергілікті атқарушы органының
шешімімен құрылады.
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының
әкімдігі болып табылады.
5. Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган:
Қарағанды облысы білім басқармасының «Бұқар жырау ауданы білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік (қазақ) тілдегі толық атауы:
Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданы білім
бөлімінің «Белағаш жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі;
орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение
«Белагашская общеобразовательная школа» отдела образования Бухар-
Жырауского района управления образования Карагандинской области.
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 100404, Қарағанды
облысы, Бұқар жырау ауданы, Белағаш ауылдық округі, Белағаш ауылы,
Школьная көшесі, 1.
2 тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері,
мөрлері болуы мүмкін.
9. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды
қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-
ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі
ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде
оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-
аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта
бола алады.
11. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық
бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Мемлекеттік
мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін осы тарауда және өзге де құқықтық
актілерде көрсетілген барлық туындайтын функциялары бар мемлекеттік
мекеменің басқару органы жүзеге асыра алады.
3 тарау. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: жеке адамның, қоғамның,
мемлекеттің мүддесі үшін оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке басының
жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау; білім алушылардың өз
бетінше білім алуға және қосымша білім алуға қажеттілігін қанағаттандыру.
13. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген
азаматтардың белгіленген жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тегін
орта білім алу құқығын іске асыру;
2) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді
қамтамасыз ету;
3) мәдениет деңгейі жоғары, қоғам өміріне бейімделген, тереңдетілген
және кеңейтілген білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және
игеруге дайын зияткерлік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
4) кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқушыларды
даярлау.
14. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай
қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта,
қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (шағын
орталық, мектепалды сыныптар) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді.
Қызметтің барлық түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014
жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.
Мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, бағытталған
сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау арқылы
зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанын, Қазақстан
Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық
дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез келген
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу,
республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу
қажеттілігін, жеке тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ
халқының және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы
мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және
басқа да тілдерді меңгеру;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды
қамтамасыз ету;
7) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
8) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік,
қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын енгізу және
тиімді пайдалану;
9) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының
қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге
білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша
пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
10) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
11) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың білім алуы үшін
арнайы жағдайлар жасау;
Мемлекеттік мекеме дамытушы оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу
бойынша түрлері мен әдістерді іздестіруді, әзірлеуді, эксперименттік оқу
жоспарларын, бағдарламалары мен қосымша курстарды байқаудан өткізуді
ұйымдастыратын білім беру ұйымы болып табылады. Оку үдерісін
ұйымдастыру, басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттары негізінде әзірленген және жалпыға міндетті негізгі және
қосымша бағдарламаларды игеруді іске асыратын оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Мекеменің бағдарламалары
мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің Үлгілік бағдарламаларына
сүйенеді.
Мемлекеттік мекеме «Білім туралы» Қазақстан Республикасының
Заңында белгіленген тұрғыда оқытудың нысандарын, құралдары мен
әдістерін таңдауда дербес болады. Білім беру үдерісін жүзеге асыру үшін
мектеп мекеме басшысымен бекітілген жылдық жұмыс оқу жоспарын және
оқу сабақтарының кестесін әзірлейді.
Оқыту тілі- мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдері болып табылады.
Жұмыс оқу жоспарының вариативті бөлігі:
1) жеке таңдаумен, жеке даму бағдарламасымен, оқытудың
инновациялық және технологияларын пайдаланумен;
2) мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін қосымша
білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін жаңа оқу бағдарламаларын,
дамытушы пәндерді енгізу;
3) тұлғаның жалпы мәдени дамуына ықпал ететін, дүниетаным мен
гуманистік сананы қалыптастыратын, шындықты танудың әмбебап
тәсілдерін меңгеруге, білім алушылардың ойлау қызметін дамытуға
бағытталған пәндер мен курстарды енгізу.
Мемлекеттік мекеме құрылымы:
1) әкімшілік (директор және оның орынбасарлары);
2) Әдістемелік Кеңес, педагогикалық кеңес, педагогикалық әдеп
жөніндегі кеңес, қамқоршылық кеңес, жалпы мектептік ата-аналар ұйымы,
сыныптық ата-аналар ұйымдары, пәндік әдістемелік бірлестіктер;
3) сынып, топ-мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.
4) мектепке дейінгі шағын орталық топтары.
Білім деңгейлері:
1) бастауыш білім берудің (1 - 4-сыныптар) негізгі стратегиялық
бағытыбастауыш мектеп оқушыларының жеке қабілеттерін ашуға, қызметтің
негізгі салаларында бастапқы бағдарлауды және оқытудың оң уәждемесі
негізінде шығармашылықтың бастапқы дағдыларын қалыптастыруға,
балалардың психофизикалық, зияткерлік және музыкалық дамуы үшін
жағдай жасауға мүмкіндік беретін дамыта оқыту болып табылады. Оқу
бағдарламасын меңгеру мерзімі - 4 жыл;
2) негізгі орта білім беру (5 - 9-сыныптар) білім беру мазмұнын
жаңартуға бағытталған базалық әмбебап білім беруді қамтамасыз етеді,
неғұрлым күрделі танымдық үдерістерге өту үшін арнайы біліктер мен
дағдыларды қалыптастырады; жалпы дамытушы және арнайы курстарды
таңдауды қамтамасыз етеді, оқушыларды оқытудың жеке жүйесін құруға
мүмкіндік жасайды. Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан
Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге,
халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға және қоғамға қарсы кез
келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Білім алушылардың кәсіптік
бағдарлануын қамтамасыз ету. Негізгі орта білім беру, жалпы орта білім
алудың негізі болып табылады. Әрбір пәннің мазмұнын оқу негізгі орта білім
беру деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін
оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-5 жыл;
3) жалпы орта білім беру (10-11 сыныптар) білім алушының танымға
деген қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды,
оқытуды саралау негізінде өзіндік оқу іс - әрекетінің дағдыларын
қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша жеке
тұлғаның мүдделерін, қабілеттері мен мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында
білім алушылардың таңдауы бойынша пәндер енгізіледі, яғни қоғамдық-
гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша
бейіндік оқыту.
Жалпы орта білім беру бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік (қысқартылған,
жеделдетілген бағдарламалар бойынша) және жоғары кәсіптік білім алу үшін
негіз болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу
бағдарламасын игеру мерзімі-2 жыл.
Тиісті контингенті көрсетілген сыныптар жиынтығын «Қарағанды
облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысымен келісіледі. Сыныптар жиынтығын
қалыптастыруға мекеме басшысы дербес жауапты болады. Сыныптардағы
оқушылар саны қолданыстағы «Білім беру объектілеріне қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелеріне сәйкес,
осы білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражатын ескере
отырып, санитарлық нормативтерді сақтаған жағдайда белгіленеді.
Сыныптар тізбесі мемлекеттік білім беру стандартында айқындалған
пәндерді оқу кезіндекемінде 20 оқушы санымен 2 кіші топқа бөлінуі мүмкін.
Егер оқу жылы ішінде оқушылар саны 20 оқушыдан кем болған жағдайда,осы оку жылының келесі тоқсанынан бастап 2 кіші топқа бөлу тоқтатылады.
Жарғының осы тармағы бюджеттің мүмкіндіктерін ескереді;
Егер мемлекеттік мекеме мәртебесі бойынша шағын жинақталған
мектепке жататын болса, онда оқу-тәрбие үдерісі білім алушылардың аралас
сыныптарда әртүрлі жастағы оқуын ескере отырып қамтамасыз етіледі;
Шағын жинақталған мектептерде жекелеген пәндерді оқу кезінде және
сыныпта 10-16 білім алушы болған кезде кіші топтарға бөлуге жол беріледі.
Сыныптарды бір сынып-жиынтыққа біріктіру және біріктіру кезінде әртүрлі
жастағы білім алушылардың саны 10 адамнан аспауы тиіс. Шағын
жинақталған мектептердегі сыныптарды толтыруға 3-10 және одан да көп
адам жіберіледі. Үш немесе төрт сыныпты біріктірген кезде оқу сабақтарын
ұйымдастырудың жылжымалы кестесі қолданылады. Бірінші сынып және
бітіруші сыныптардың білім алушыларын бірлесіп оқытуға жол берілмейді;
Мемлекеттік мекемеде толық және жарты күндік болатын мектепке
дейінгі шағын орталық жұмыс істей алады. Мектепке дейінгі шағын орталық
мекеменің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2 жастан 5 жасқа
дейінгі балаларды жан - жақты дамыту және баланы тәрбиелеу мен оқытуды,
балаларды әлеуметтік бейімдеуді ұйымдастыруда олардың ата-аналарына
консультациялық-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылады.
Шағын орталыққа қабылдау мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау қағидалары негізінде
жүргізіледі. Балаларды қабылдау үшін құжаттар тізбесі мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
қағидаларымен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тиісті мемлекеттік
стандартымен айқындалады.
Мемлекеттік мекеме денсаулық жағдайы туралы медициналық
қорытындыға сәйкес оқушылармен үйде сабақ беруді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарына
сәйкес аптасына оқу сағаттарының саны бөлінеді, кесте жасалады,
бұйрықпен педагогтардың жеке құрамы анықталады, өткізілген сабақтар
журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдері) үйде сабақ өткізу үшін
жағдай жасауға міндетті.
Мектептегі оқу сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртіппен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтығы,
оның ішінде оқу апталары мен демалыстардың саны білім беру саласындағы
мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік мекемеде келесі жұмыс режимі белгіленеді: бірінші
ауысымда сабақтардың басталуы - 8:00 (8:30 немесе 9:00) сағат, екінші
ауысымда - 13:30 (14:00) сағат. Сабақ кестесін мектеп басшысы немесе оны
алмастыратын тұлға бекітеді. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күн
сайынғы саны, ұзақтығы мен реттілігі, сондай-ақ, сабақ арасындағы үзілістің
ұзақтығы көрсетіледі. Мектептегі сабақ кестесінің сұрақтары қолданыстағы
«Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар» санитарлық ережелерімен реттеледі. Сабақ кестесі уәкілетті
Новости