back-image
Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп " КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасы Теміртау қаласы білім бөлімінің "№8 жалпы білім беретін мектеп " КММ

Жаңалықтар

Үстіміздегі жылдың  15-19 мамыр аралығында Теміртау қаласының білім беру ұйымдарында төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық бойынша оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шеңберінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі туындаған кезде қызметкерлердің, оқушылар мен тәрбиеленушілердің іс-қимыл алгоритмі пысықталатын болады.
Оқу-жаттығуға төтенше жағдайлар қызметкерлері, полиция департаментінің, арнайы қызметтердің қызметкерлері қатысады.
Оқу-жаттығулар тек профилактикалық мақсатта жүргізілетініне назар аударамыз.
Оқу-жаттығуларды өткізудің негізгі мақсаты, техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан басқа, тиісті қауіпсіздікті сақтай отырып, қауіп туындаған жағдайда оқушылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің жедел әрекет етуіне бағдарлау болып табылады.
Аталған іс-шара бүкіл Республика бойынша өткізіледі.
Ата-аналардан осы оқу-жаттығуларды өткізу кезінде тыныштық сақтауларын сұраймыз.
Мектеп жаңалықтары
Новости