1-сыныпқа қабылдау
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
1 сәуірден бастап мектебімізде 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Сонымен қатар ата-аналарға құжаттар пакетін алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеу ұсынылады. Кейбір мектептерде сыныптардың толуына байланысты қабылдау ертерек аяқталуы мүмкін.
Назар аударыңыз: бала мектептің шағын ауданында тұрса да, сыныптардың толып кетуі қабылдаудан бас тартуға негіз болуы мүмкін.
????️Өтініш беру тәртібі
Өтініш электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы беріледі: eGov.kz
????️Қажетті құжаттар
✅ Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны). 2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электронды форматқа ауыстырылған;
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
✅ Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы — Психологиялық медициналық педагогикалық консультация.
1 - сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Қабылдаудан бас тарту себептері сыныптардың толып кетуі,ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыс болмауы немесе жалған болуы.
Жаз мезгілінде балабақшаға бармаған балаларды мектепке дайындау мақсатында мектептерде дайындық курстары ұйымдастырылады.