back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК
Байқау
08-06-2026 17:16
Байқау
Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл жағалауында өткен «BI STYLE» халықаралық көпжанрлы байқауында мектебіміздің өнерпаздары тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді.
 
Мектебіміздің шығармашылық ұжымдары жыл сайын халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысып, өнер көкжиегін кеңейтіп келеді. Өткен жылы Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен халықаралық байқауда өнер көрсетсе, биыл Қырғызстан Республикасында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге ие болды.
 
???? БАС ЖҮЛДЕ иегерлері:
✨ “Еркетай” би ансамблінің үлкен және тобы «Алаш аманаты» биімен — Бас жүлде
✨ Қанат Лунара мен Мәрленқызы Жансұлу қобыз аспабынан — Бас жүлде
✨ “Қазына” оркестр ұжымы — Бас жүлде
 
???? І орын иегерлері:
Аманжол Жәнібек
Сахабай Марлен
Морозов Рауан
Ержан Қасым
 
???? ІІ орын иегерлері:
Самарханов Алинұр
Қасен Берік
 
Бұл жетістіктер – шәкірттердің таланты мен еңбегінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының жемісі. Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да халықаралық сахналарда ел мерейін үстем ете берулеріне тілектеспіз!
Новости