Байқау
Бүгін облыстық «Сарыарқа жұлдыздары» эстрадалық орындаушылар байқауы өтті. Байқауға қатысқан талантты оқушыларымыз өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Сахнада жарқын өнер көрсеткен жас орындаушыларымыз жүлделі орындарды жеңіп алып, қомақты ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың қажырлы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Жас өнерпаздарымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!