Байқау
«Сарыарқа жұлдыздары» атты шығармашылық байқау өтті. Байқауға қатысқан “Балалар өнер мектебінің” вокал бөлімінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар қатысушылар ақшалай сыйлықтармен марапатталып, шығармашылық жетістіктері үшін жоғары бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл жетістік – оқушылардың таланты мен еңбегінің, сондай-ақ жетекшілерінің кәсіби дайындығының нәтижесі. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы байқауларда да толағай табыстар тілейміз!