Зейнелова Макпал Айдархановна
Зейнелова Макпал Айдархановна 1990 жылы Тәттімбет атындағы өнер колледжін домбыра тенор мамандығы бойынша аяқтап, жоғарғы оқу орнына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне музыкалық білім мамандығы бойынша түсіп, сәтті аяқтады. Жұмыс өтілін Осакаров ауданының «Балалар өнер мектебінің» домбыра бөлімінің оқытушысы болып бастаған.
Ол еңбек еткен 9 жылда талай жетістіктерге жетіп, аудандық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып мекеменің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз оқытушы. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін жас буынға арнап, бойындағы бар күш - жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Макпал Айдархановнаның еңбегі ерекше.
Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қоятын, нағыз дос бола білетін адам. Ұжыммен тез тіл табыса алатын, кішіпейіл, қарапайым оқытушы. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білгенін басқалармен бөлісетін, білім мен тәрбиені ұштастырған оқытушы.
Макпал Айдархановна - өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, домбыраның қыр-сырын үйретуде қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдануда.
Мұғалімнің жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оқушылары оқу және практика барысында бірін – бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым – қатынастарын арттыруда шеберліктерімен көзге түседі. Макпал Айдархановна әр оқушыны жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Оқушылар аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларда топ жарып ерекшеленеді.
Педагогтің жетістіктері:
- І Республикалық фестиваль-конкурс «Күн Нұры» диплом 2019ж;
- «Amanat music» ІІ Халықаралық конкурс- фестиваль алғыс хат 2019 ж;
- Осакаров аудан әкімінің алғыс хаты 2019ж;
- ІІ Республикалық фестиваль-конкурс «Күн Нұры» диплом 2021ж;
- Ш.С.Қажығалиев атындағы І облыстық «Ақ желең» байқауы ІІІ дәрежелі диплом 2021ж;
- Облыстық «Шабыт шаттығы» байқауы І дәрежелі диплом 2023 ж;
Оқушылардың жетістіктері:
- I Республикалық балалар, жеткіншектер мен жастар шығармашылық «Күн нұры» фестиваль- конкурсы ІІ орын 2019 ж;
- Облыстық «AMANAT music» конкурс-фестивалі бас жүлде лауреат 2019 ж;
- II Халықаралық «AMANAT music» конкурс-фестивалі І дәрежелі диплом 2019 ж;
- «Сарыарқа саздары» облыстық аймақтық байқау диплом ІІ орын 2020 ж;
- ІІ Республикалық фестиваль-конкурс «Күн Нұры» диплом ІІ орын 2021 ж;
- БММ мен ӨМ білім алушылары арасында республикалық фестиваль- байқауының облыстық кезеңінен мадақтама 2022ж;
- «Сарыбел жұлдыздары 2022» аудандық байқауынан І орын 2022ж;
- «Сарыбел жұлдыздары 2022» аудандық байқауынан ІІІ орын 2022ж;
- Қарағанды облысының Білім басқармасы мен білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңа әуен» 2 облыстық байқауы диплом ІІІ орын 2023ж;
- «Жаңа әуен» 2 облыстық байқауы диплом ІІ орын 2023ж;
- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған БММ және ӨМ қазақ халық аспаптар бөлімдерінің оқушылары арасында шығарманы сүйемелдеумен орындау шеберлігінің «БАЛДӘУРЕН» облыстық байқау диплом ІІ орын 2023ж;
- «Өнерім менің – өмірім» аудандық байқауы диплом І орын 2023ж;
- «Өнерім менің – өмірім» аудандық байқауы диплом ІІ орын 2023ж;
- «Өнерім менің – өмірім» аудандық байқауы диплом ІІІ орын 2023ж.
Макпал Айдархановна – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «талантты өсіретін – талап» екенін көруге болады.