Лето
Көзді ашып-жұмғанша оқу жылы да бітті. Жазғы демалыс баршамыздың асыға, ерекше күтетін мезгіліміздің бірі. Ал, балалар үшін ерекше қуаныш. Жаз кезінде балалардың демалысын тиімді өткізу және лагерлерге қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара. Жазғы лагерь – бұл кішкентай өмір, балалардың жақсы тынығып, денсаулықтарының нығайып, нағыз ой мен бойының өсіп, кемеледенетін шағы. Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жазғы демалыс балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін алады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалардың толық демалуларына, шығармашылық белсенділігін арттыруға, олардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады. Жалпы әр мектепте жазғы тынығу лагерлері жұмыс жасайды. Сондықтан, жадырап жаз шығысымен әрбір ата-ананы баласының қайда және қалай демалатыны толғандырады. Ауыл баласы – қалаға, қала баласы – ауылға ағылса, оқудан босаған оқушылардың кейбірі демалыс лагерлеріне баруға таңдау жасайды. «Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз», – демекші, мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жаздың қуаныш пен қызыққа толы ұмытылмас естеліктері жазғы демалыс лагерінен бастау алады.
Биыл біздің оқушылар үшін ерекше демалыс болуда. Ең алғаш лагерьде «Музыкальный калейдоскоп» атты ән салу, түрлі ойындар ұйымдастырып, баланың әр қырын аша білетін музыкалық бағыттағы іс -шара өткізілді. «Өнер мектебінің» көркемөнер бөлімінің оқушылары да өз өнерлерімен таңғалдырып тұзбен, пластелинмен, бояулармен түрлі жанрда сурет салып көрме ұйымдастырды. Далада сурет салудың өзі бір ғажап дүние ғой. «Табиғат және домбыра» тақырыбында өткізілген іс –шара табиғатпен домбыраның қосылып үндекен әуенінен әсем де тартымы, құлаққа жағымды, сазды күй шерте білу мақсатында болды.
Әлі де талай жаздың қызықты күндері оқушыларымызды алда күтіп тұр.