back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК
Ұстаздар күні
08-10-2022 14:40
Ұстаздар күні
«Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандыратын Ұстаздарымызға мәңгі тағзым!»- деп «Балалар өнер мектебінің» оқушылары өздерінің ұстаздарына жүрек жарды тілектерін айтып, «Ардақты ұстазым» атты шағын концертін қойды.
«Құрметті, Ұстазым! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеледіңіз, әрқайсымыздың өмірді өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл-кеңестеріңізге, бізді ел қатарына қосқаныңызға мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегеніңіз, өнерге баулығаныңыз үшін біз Сізге әрқашан қарыздармыз.
Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттердің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап-терген біліміңізді оқушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз. Ол арманыңыз өзіңіздің ерен еңбегіңіздің арқасында орындалды. Біз соған шын жүректен қуанамыз. Сізге әлі де шығармашылық жұмыстың жемісін жеп, біздің қызығымызға кенеле берсін деп тілейміз".
Осындай шәкірттері бар ұстаздардың еңбегі жаңа берсін!
Новости