back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің "Балалар өнер мектебі" КМҚК
Жолдау
01-09-2022 17:37
Жолдау
Бүгін "Балалар өнер мектебінің”ұжымы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1- қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын бірлесе отырып тыңдады.
Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды.
«Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға аян. Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек.
Жолдауда мектепке дейінгі білім беру саласын атап кетті. Балабақшалар санын, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып жалақысын көбейту керек екенін атап өтті. Өз ісінің маманы болу үшін тәрбиешіні атестациядан өткізу маңызды. Әр оқушының сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау керек, сонымен қатар, «2025 жылға қарай біз 800 мың баланың заманауи мектептерде білім алуына жағдай жасаймыз. Осылайша, біз төтенше жағдай режимінде жұмыс істейтін және үш ауысымда оқитын мектеп мәселесін толығымен шешеміз», - деді президент .
Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз, бәріміз бірге Жаңа Қазақстанды құруға ат салысайық.
Новости