back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің "Аққу" бөбекжай"
«Аққу» бөбекжай» КМҚК-да «Ертөстік» мектепалды тобында «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білімнің сабақтастығы» жоспарына сәйкес «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
15-04-2026 17:03

Іс-шара барысында «Ертөстік» мектепалды тобы тәрбиеленушілерімен «Қызықты сандар мен геометриялық пішіндер» («Смешариктер қонақта») тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
ҰІӘ барысында балалар Математика еліне қызықты саяхат жасап, сандар мен геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекітуге бағытталған түрлі тапсырмаларды орындады. Тәрбиеленушілер тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап, белсенділік, тапқырлық және топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсете білді.
Іс-әрекетке тәрбиеленушілердің аналары да қатысып, балаларға қолдау көрсетті. Олар тапсырмаларға белсенді араласып, іс-әрекеттің жылы әрі жағымды атмосферада өтуіне ықпал етті.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар өз білімдерін жетілдіріп қана қоймай, логикалық ойлау қабілеттерін, зейінін және танымдық қызығушылықтарын дамытты. Іс-әрекет көңілді, еркін және достық қарым-қатынаста өтіп, оқу материалының тиімді меңгерілуіне жағдай жасады.
Соңында балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, ал қонақтар тәрбиеленушілердің жетістіктеріне куә болып, өз ризашылықтарын білдірді.
Новости