14 қыркүйек күні 9-сынып оқушыларымен «Буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушыларға буллингтің алдын алу, оның түрлері мен зиянды әсері туралы түсінік беру, бір-бірін құрметтеуге, қолдауға және қауіпсіз орта қалыптастыруға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар буллингке жол бермеу, қиын жағдайда дұрыс әрекет ету, өз құқықтарын қорғау және көмек сұраудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар «Жанжалдың нәтижесі үшін жауапкершілік» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізіліп, жанжалдың себептері мен салдары, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарау және келіспеушілікті бейбіт жолмен шешу жолдары талқыланды. Бір-бірімізді құрметтейік, қолдайық және буллингке бірге жол бермейік! 9-сынып Сынып жетекшісі: Тускенова Г.С. #Нұра_білім_бөлімі @takishevdarkhan