«Қарағанды облысының
білім басқармасы»
ММ басшысының
2021 жылғы «__» ______
№ бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ж А Р Ғ Ы С Ы
- тарау. Жалпы ережелер
1. «Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мемлекеттік мекеме Қарағанды облысының білім басқармасының № __________бастап «__» ________________жылғы қаулысымен құрылды.
4.Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы: Қарағанды облысының әкімдігі болыптабылады.
5.Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы: «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіболып табылады.
6. Мемлекеттік мекеменің атауы: мемлекеттік тілде: «Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурс орталығы)», орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Опорная школа (ресурсный центр) имени Ахмета Байтурсынулы отдела образования Нуринского района управления образования Карагандинской области».
7.Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: индекс100926, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қайнар ауылы, Сарыарқа көшесі, 8 үй.
- тарау. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өзіндік балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрі мен маңдайша жазуы бар.
9. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
3 тарау. Мектеп қызметінің мақсаттары және мәні.
11. Мектеп қызметінің мәні: жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүдделерінде оқыту және тәрбиелеу; баланың жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызу; оқушылардың өздігінен білім алуларына және қосымша білім алуларында қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Тiрек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы бiлiм алуға қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында білім алушылардың қысқа мерзiмдi сессиялық сабақтарын, аралық және қорытынды аттестатталуын өткiзу үшiн базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердiң бiлiм беру ресурстары шоғырланатын орта бiлiм беру ұйымы.
Тірек мектеп (ресурстық орталық) аудандық әкімдіктің қаулысымен материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік базалар мен кадрлық ресурстар болған жағдайда жалпы білім беретін мектептің базасында құрылады.
12.Мемлекеттік ұйымның қызметтерінің мақсаттары:
- Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілді жалпыға міндетті стандарттарымен бекітілген тегін орта білім алуға азаматтардың құқықтарын асыру;
- негізгі жалпы білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
- білім беру бағдарламаларын игеруге дайын, қоғамдағы өмірге бейімделген, саналы, тереңдетілген және кеңейтілген мәдениеттің жоғары деңгейімен рухани тұлғаны таңдауға қалыптастыру болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеме өз мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: бастауыш, негізгі және жалпы орта, қосымша білім беру. Мекеме мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту (мектепалды сыныптар, шағын-орталық) саласында білім беру қызметтерін көрсетеді. Қызметтің барлық түрлері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рәсімдер орындалғаннан кейін көрсетіледі.
14. Мемлекеттік ұйым қызметінің негізгі міндеттері:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына, дамуына, пайда болуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар туғызу, ғылымға және дағдыға қол жеткізу;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және жеке тұлғалық мүмкіншіліктерін дамыту, адамгершіліктің және салауатты өмір салтының орнықты негіздерін қалыптастыру, даралық даму жағдайларын құру жолымен парасатты дамыту;
- Азаматтықты және отаншылдықты, өз Отанын, Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеу, кез келген Конституцияға және қоғамға қарсы қозғалыстарға төтеп беруге тәрбиелеу;
- белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін қалыптастыру, адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
- отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен танысу; қазақтың және республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерттеу; мемлекеттік, орыс, шетел (ағылшын, неміс) және басқа тілдерді меңгеру болып табылады.
15. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес мынадай ақылы білім беру қызметтерін көрсетуге құқылы:
1) қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту;
2) арнайы курстар мен пәндер циклдерін қосымша оқыту бойынша;
3) жекелеген білім алушылармен жеке тәртіппен оқу жоспары бойынша сағат санынан артық пәндер бойынша қосымша сабақтар өткізу;
4)оқушылармен пәндерді қосымша тереңдетіп оқыту бойынша (мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың тиісті білім беру бағдарламалары шеңберінен тыс).
Негізгі қызметтің орнына ақылы қызметтер көрсетілмейді. Мектептің ақылы қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.
16. Мекеме дамыта оқытудың жаңа мазмұнын, оны енгізу бойынша формаларын және әдістерін әзірлеуді, тәжірибелі оқу жоспарларын, бағдарламаларды және факультативтік курстарды сынақтан өткізуді ұйымдастыратын білім беру ұйымы болып табылады. Оқыту үрдісін ұйымдастыру және басқару осы Жарғыға сәйкес жүзеге асады.
17.Мектептің оқыту-тәрбиелеу қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары негізінде жетілдірілген және жалпыға міндетті негізгі және қосымша бағдарламаларды игеруді жүзеге асыратын оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес жүзеге асады. Мектеп бағдарламалары мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің типтік бағдарламаларына негізделген.
18. Мектеп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен анықталған шегінде оқытудың нысандарын, құралдарын және әдістерін таңдауда дербес қызмет ете алады. Білім беру үрдісін жүзеге асыру бекітілген жылдық жұмыс оқу жоспарын және оқу сабақтарының кестесін әзірлейді және мектеп директоры бекітеді.
Қазақ және орыс тілдері оқыту тілі болып табылады.
19. Оқу жоспарының вариативті жұмыс бөлігі қамтамасыз етіледі:
1) дамудың жеке бағдарламасын жеке таңдаумен, инновациялық және технологиялық оқытуды қолданумен;
2) мектептің мақсаттарына және тапсырмаларына жауап беретін қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жүргізілетін пәндердің жаңа оқыту бағдарламаларын енгізумен:
3) жеке тұлғаның жалпы мәдениеттік дамуына жағдай жасайтын, жарамдылык танымының жан-жақты тәсілдерін меңгеруге, оқушылардың ойланғыштық қызметтерін дамытуға бағытталған көзқарасты және гуманистік сананы қалыптастыратын пәндерді және курстарды енгізумен қамтамасыз етіледі.
20.Мектептің құрылымын құрайды:
1) әкімшілік (директор және оның орынбасарлары)
2) әдістемелік кеңес, педагогикалық кеңес, Педагогикалық этика кеңесі, Қамқоршылық кеңес, жалпы мектеп ата-аналар комитеті, пәндік әдістемелік бірлестіктер.
3) Сынып – Мекеменің негізгі құрылымдық бірлігі.
21. Білім деңгейлері:
1) бастауыш білім (1-4 сыныптар) негізгі стратегиялық бағыттың бастауыш сыныптағы оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға, оқытудың дұрыс мотивациясы негізінде қызметтің негізгі салаларында алғашқы бағдарларды және шығармашылық бастапқы дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін дамыта оқыту, балалардың психофизикалық, рухани зияткерлік және музыкалық дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – 4 жыл.
2) Негізгі орта білім (5-9 сыныптар) білім мазмұнындағы жаңаруға бағытталған базалық жан-жақты білімді қамтамасыз етеді, анағұрлым қиын танымдық үрдістерге көшу үшін арнайы дағды және білуді қалыптастырады; жалпы дамытатын және арнайы курстарды таңдауды қамтамасыз етеді. Оқушыларға оқытудың жеке жүйесін құру үшін мүмкіндіктер туғызады. Азаматтықты және отаншылдықты, өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді, халықтық салт-дәстүрлерді құрметтеу, Конституцияға және қоғамға қарсы қозғалыстарға төтеп беруге тәрбиелеу. Оқушылардың кәсіптік бағдарын қамтамасыз етеді.Негізгі орта білім, жалпы орта білім алу үшін негіз болып табылады. Әр пәннің мазмұнын оқу негізгі орта білім деңгейінде аяқталады. Негізгі орта білімнің жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі – 5 жыл.
3) Жалпы орта білім (10-11 сыныптар) оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, дифференциялық оқыту негізінде өзіндік оқу қызметтерінің дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Міндетті пәндерге қосымша жеке тұлғаның қызығушылықтарын, қабілеттерін және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру мақсатында оқушылардың өздерінің таңдауы бойынша пәндер енгізіледі, яғни қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды қамтамасыз етеді. Жалпы орта білім кәсіби орта (қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар) және жоғары кәсіби білім негізі болып табылады. Жалпы орта білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімі – 2 жыл.
22. Мекеме оқу жоспарының вариативті компонент сағаттарын мектептен тыс жерлерде өткізуге құқылы (мәдениет мекемесінде, спорттық мекемелерде, әскери объектілерде, зерттеу зертханаларында, жұмыс орындарында, қосымша білім беру ұйымдарында және т.б.).
23. Сыныптар жиынтығы оқушылардың тиісті санын көрсетумен «Қарағанды облысы білім басқармасының Нұра ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісіледі. Сыныптар жиынтығының қалыптасуына жеке жауапкершілікті мекеме директоры атқарады. Сыныптарда оқушылардың саны аталған білім беру ұйымына тікелей бөлінетін бюджет қаражаты есебінен санитарлық-нормативтерді сақтаған жағдайда «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» қолданымындағы санитарлық қағидаларға сәйкес бекітіледі.
24. Мемлекеттік білім беру стандартында айқындалғанпәндер тізіміне сәйкес саны 20 оқушыдан асқан сыныптар 2 кіші топқа бөлінеді. Егер оқу жылы ішінде оқушылардың саны 20 оқушыдан кем болса, онда сыныпты 2 кіші топқа бөлу осы оқу жылының келесі тоқсанынан басталады.
25.Мектепте толық және толық емес келу күнімен мектепке дейінгі шағын-орталық құрылуы мүмкін.
Мектепке дейінгі шағын-орталық мектептің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бірақзаңды тұлға болып табылмайды және 2 (3) жастан 6 жасқа дейінгі балаларды жан-жақты дамыту және баланы тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруда, балаларды әлеуметтік бейімдеуде олардың ата-аналарына кеңестік- әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрылады. Мектепке дейінгі шағын орталық толық немесе толық емес күнді топқа 25 баладан артық қабылданбайды.
Қажет болған жағдайда мекемеде бастауыш сынып оқушылары үшін қосымша ұзартылған күн топтары ашылуы мүмкін. Ұзартылған күн топтары үшін мектеп асханасында ата-аналар есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылуы мүмкін.
Мектеп жазда балаларды мектеп жанындағы лагерьмен, жұмысқа орналастыруға және сауықтыруға жағдай жасайды (толық емес демалыс күнімен).
26. Мекеме оқушының денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға сәйкес оқушыларға үйде сабақ беруді қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің нұсқауларына сәйкес аптасына оқыту сағаттарының саны бөлінеді, кесте құрылады, бұйрықпен педагогтердің қызметкерлер құрамы анықталады, өткізілген сабақтардың журналы жүргізіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер) сабақты үйде өткізу үшін жағдайлар жасауға міндетті.
27. Мектепте оқыту сабақтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптен басталады және аяқталады. Оқу жылының ұзақтылығы, сонымен қатар оқу апталарының және демалыстарының саны білім саласындағы мемлекеттік стандарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативті актілеріне сәйкес анықталады.
Сессиялық сабақтар кезеңінде тірек мектеп (ресурстық орталық) магниттік мектептер білім алушыларының оқытуын ұйымдастырады, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын келісуді, сыныптар мен сессия қатысушыларының санын анықтауды жүзеге асырады.
Тірек мектебінде (ресурстық орталықта) оқу-тәрбие процесі бірыңғай оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады және магнитті ШЖМ білім алушылары үшін ұзақтығы 10 (он) күндік оқу сессияларын (бастапқы – қазан айының бірінші онкүндігінде, аралық – ақпан айының бірінші онкүндігінде, қорытынды – сәуір айының үшінші онкүндігінде) өткізуді қамтиды. Сессияаралық кезеңде қашықтықтан оқыту жүзеге асырылады.
Сессиялардың ұзақтығы тірек мектебінің (ресурстық орталықтың) және магнитті ШЖМ-ның үйлестіру кеңесі бекіткен оқу процесінің кестесіне сәйкес бес күннен он күнге дейін белгіленеді. Бастапқы сессия оқу жылының басында өткізіледі.
Сессия кезеңінде тірек мектебі (ресурстық орталық) толық күн режимінде жұмыс істейді.
28. Мекемеде келесі жұмыс және сабақ тәртібі бекітіледі: бірінші ауысымда сабақтардың басталуы сағат 08:30 (9:00), екінші ауысымда сағат 13:20 (14:00). Сабақ кестесі мектеп директорымен немесе оны алмастыратын тұлғамен бекітіледі. Сабақ кестесінде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және сабақ арасындағы үзілістер көрсетіледі. Мектептегі сабақтардың кестесі «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» қолданымдағы санитарлық қағидаларға сәйкес реттеледі. Сабақ кестесі құзіретті ұйымның және лауазымдық тұлғалардың эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектелген тәртібі негізінде өзгеруі мүмкін.
29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемеде сабақтар арасында үзіліс уақытында ата-аналар және жалпыға міндетті қоры, бюджет есебінен мектеп асханасында оқушыларды тамақтандыру ұйымдастырылады.
30. Мекемедегі тәртіп оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің адамгершілік абыройларын құрметтеу негізінде құрылады. Оқушыларға қатысты дене және психологиялық күш көрсету әдістерін қолдануға тыйым салынады. Оқушыларға дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медбике көрсетеді, ол әкімшілік пен педагогтер құрамымен бірге оқушылардың денсаулығы мен физикалық дамуына, емдеу шаралары мен санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына жауап береді. Дәрігерлік-медициналық қызмет көрсетуді жергілікті деңгейдегі денсаулық сақтау органдары (емхана) жүзеге асырады. Оқушылар кесте бойынша медициналық тексеруден өтеді.
31. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес мектепке мектеп формасы міндетті. Киім тәртібі мен стилі мектеп директорының бұйрығымен мектептің ата-аналар комитетімен немесе Қамқоршылық кеңесімен келісіледі. Педагогтер өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруда іскерлік киім кию үлгісін ұстанады.
32. Мекемеде саяси партиялардың, қоғамдық-саяси, діни қозғалыстардың және ұйымдардың құрылуына және қызметіне тыйым салынады. Мекеме діни емес және діни білімнің даралық ұстанымдарын сақтауға міндетті. Мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің арасында әртүрлі формадағы діни тәрбиеге рұқсат етілмейді.
33. Инклюзивті білім берудің мақсаттарын жүзеге асыра отырып, мектеп ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды олардың білім алуына, дамудың бұзылуын түзетуге және білім берудің барлық деңгейлерінде әлеуметтік бейімделуіне қажетті жағдай жасалуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың ата-аналары немесе олардың заңды өкілдерінің қызығушылықтарына сәйкес мекемеде инклюзивті сыныптар ашылуы мүмкін (бір сыныпта ерекше білім беру мұқтаждығына ие екі баладан артық емес оқуы мүмкін). Ерекше білім алуға қажеттілігі бар, инклюзивті сыныптардағы оқушылар психико-медико-педагогикалық кеңестің қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес жалпы оқу немесе жеке бағдарламалар бойынша оқуы мүмкін. Ерекше білім алуға қажеттілігі бар, инклюзивті сыныптардағы оқушылар үшін арнайы педагогтер мен (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, педагог-дефектолог, педагог-логопед) қол жетімді болған жағдайда, түзету сабақтары өткізіледі.
Мекемеде қолжетімді болса, тұрақты негізде логопункт жұмыс істеуі мүмкін. Логопедтік пунктті ашу Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданының білім бөлімінің басшысының бұйрығымен рәсімделеді.
34. Мекемеге қабылдау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгілік ережелер негізінде қабылданады.
Мекемеге балаларды қабылдау үшін құжаттар тізімі бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын және мемлекеттік қызмет көрсетудіе мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережелерімен анықталады. Бірінші сыныпқа қабылдаған кезде баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері мұғалімді таңдауға құқығы жоқ. Сыныптан сыныпқа ауысу үлгерім нәтижесіне қарай педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
35. Мектепте білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімдеріне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
36. Мекемеден кәмелетке толмаған оқушыларды құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін шығару, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзған жағдайда білім беру ұйымының мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқудан шығару туралы шешім қорғаншылық пен қамқоршылық органының келісімімен қабылданады. Кәмелеттік жасқа толған құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін шығару, білім беру ұйымының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзған жағдайда білім беру ұйымының педагогикалық кеңестің шешімімен ерекше жағдайда ғана рұқсат беріледі.
37. Жалпы білім беру үрдісінің қатысушылары: оқушылар, педагогикалық қызметкерлер, оқушылардың ата-аналары (оларды алмастыратын тұлғалар) болып табылады.
38. Оқушылардың құқығы:
- тегін жалпы орта білім алуға;
- қызметтің әр түрлеріндегі ерекше жетістіктері үшін мадақтамалар алуға;
- медициналық қызметалуға;
- кітапхана қорын тегін пайдалануға;
- қосымша білім (ақылы) қызметтерін алуға;
- мекеменің басқаруына қатысуға;
- адамгершілік абыройды, ар-ұят және ақпарат еркіндігін құрметтеуге, өз ойын және пікірін еркін жеткізуге.
39. Мектеп діни емес және діни білімнің даралық ұстанымдарын сақтауға міндетті. Әртүрлі формадағы діни тәрбиеге рұқсат етілмейді. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларға діни киім (атрибут) киюге тыйым салынады.
40. Қорытынды аттестаттауды табысты өткен мектеп түлектеріне мектеп мөрімен расталған тиісті білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
41. Оқушылар міндетті:
- Мектеп жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін орындауға;
- адал ниетпен оқып, мектеп мүлкіне қамқорлық жасау және мекеменің мүлігіне ұқыпты қарауға; мектептің мүлкін оқушылар бұзған жағдайда ата-аналармен біріге отырып оны қалпына келтіруге және құнын төлеуге;
- Мектептің басқа оқушыларының және қызметкерлерінің арын және абыройын құрметтеуге;
- Мектеп қабылдаған мектеп формасын киюге. Ер балалар бір түсті (ашық түсте) жейде немесе жеңсіз жейде, мектеп эмблемасы бар көк түсті кофта, көк түсті шалбар, қыздар: бір түсті (ашық түсте) блузка, мектеп эмблемасы бар көк түсті жеңсіз блузка немесе кофта, көк түсті юбка. Мектеп оқушыларына мектепте бас киімде (тақия, бөрік, құлақшын, хиджаб, паранджа, орамал) киюге тыйым салынады.
42. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің құқығы бар:
- Баланың тілегін, жеке бейімделуін және ерекшеліктерін есепке алып мектеппен көрсетілетін, мүмкіншіліктер аясында оқу формасын таңдауға;
- Қамқоршылық кеңес арқылы мектептің басқару органының жұмысына қатысуға;
- Мектепте өз баласына қатысты үлгерім, тәртіп және оқу жағдайына байланысты ақпарат алуға;
- Мектепте өз балаларын оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша көмек- кеңес алуға.
43. Ата-аналар және басқа заңды өкілдер міндетті:
- балалардың өмір сүруі және оқуы үшін салауатты денсаулық және қауіпсіздік жағдайларын туғызуға, олардың рухани зияткерлік және дене күштерінің дамуын, адамгершіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- мектепалды дайындықты қамтамасыз етуге;
- мектеппен қарым-қатынаста болуда;
- балалардың мектепке келулерін қамтамасыз етуге;
- балаларды оқулықтармен, мектеп керек жарақтарымен, мектеппен қабылданған Мектеп формасымен қамтамасыз етуге;
- Мектептен тыс уақытта, сондай-ақ, каникул кезінде өз балаларын тәрбиелеу мен қамту, бос уақытын ұйымдастыруға толық жауапкершілікті артады;
- Мектептің педагогтері мен басқа да қызметкерлерінің ар-намысын құрметтеуге;
44. Ата-аналар (оларды алмастыратын тұлғалар) Мектептің Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін орындауға және өз балаларын тәрбиелеу мен оқытуға, сонымен қатар мемлекеттік меншікке ықыласпен қарауға жауапкершілік артуға міндетті.
45. Мектепті басқару Қазақстан Республикасының Заңнамасына, осы Жарғыға сәйкес жүзеге асады.
46. Мектепті басқаруды тікелей директор жүзеге асырады.
Мектеп директоры жауап береді:
- Мектеп қызметкерлерінің біліктілік деңгейіне, оқу жоспарына және оқу үрдісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларының жүзеге асуына, оқушылардың білім сапасына, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте білім беру үрдісі уақытында мектеп оқушыларының және қызметкерлерінің өміріне және денсаулығына, құқықтарын және еркіндіктерін сақтауға;
- Орынсыз Мектептің ішкі еңбек тәртібінің ережелерінің, басқа нормативті актілерді облыстық және аудандық маңызы бар білім органдарының бұйрықтарын лауазымдық нұсқауымен бекітілген лауазымдық міндеттерді орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін, сонымен қатар ұсынылған құқықтарды қолданбағаны үшін.
- Оқушының жеке басына дене және (немесе) психикалық күш көрсетуімен байланысты тәрбилеудің бір реттік әдістерін қолданғаны, сонымен қатар басқа жат қылықтар істегені үшін мектеп директоры еңбек заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметіне босатылуы мүмкін.
- Өрт қауіпсіздігі, еңбек сақтау ережелерінің, оқыту –тәрбиелеу үрдісі ұйымының санитарлы-гигиеналық тәртіптерін бұзғаны үшін мектеп директоры Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.
47. Мектепте педагогикалық қызметпен айналысу тиісті бейіні бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіби білімі бар тұлғаларға рұқсат беріледі.
Мектепте жұмыс істеуге рұқсат етілмейді;
- Медициналық қарсы көрсеткіші бар;
- Психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде тіркелген адамдар. Жыл сайын жылына бір рет, оқу жылының басында мұғалім психиатриялық немесе наркологиялық диспансерде тіркелмегенін кез-келген заңды түрде растайды.
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен қарастырылған шектеулер негізінде.
48. Мектеп директоры жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлерді бос жұмыс орнына тиісті орналастыру бойынша біліктілік талаптарын басшылыққа алуы қажет. Тиісті білімсіз педагогикалық қызметпен айналысуға жол берілмейді. Педагогикалық лауазым бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау тәртібін бұзған мектеп директорына жеке жауапкершілікке тартылады. Мектеп қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері тиісті лауазым түріне қарай Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен анықталады.
49. Мектеп басқарудың бір түрі педагогикалық кеңесі болып саналады. Педагогикалық кеңес құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төрағасы, оның орынбасарлары, педагогтер, тәрбиешілер, психологтар, қосымша білім беру педагогтары, сонымен қатар әлеуметтік педагог, дефектолог, логопед бар болған жағдайда кіреді. Білім беру ұйымының педагогикалық отырысына ата-аналар комитетінің мүшелері немесе қамқоршылық кеңесі шақырылуы мүмкін. Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі. Педагогиқалық кеңес хатшыны бір жыл мерзімімен тағайындайды.
50. Педагогиқалық кеңес қарастырады;
- Білім беру ұйымының нормативтік-құқықтық актілерін орындау бойынша іс-шаралар;
- Оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқыту нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелері және оқыту технологияларын енгізу;
- Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мәселесі
- Қорытынды аттестаттауды өткізу сұрақтары, оқушыларды емтихан қабылдау тапсырылған құжаттар негізінде емтихан тапсыру, оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыру немесе екінші сыныпқа қалдыру, оқушыларды грамоталар мен мадақтау қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімін үздік аяқтау аттестатын беру, негізгі орта білімнің аяқталуы, бітіргені туралы аттестат, үздік аттестат, орта жалпы білім туралы аттестат, белгіленген үлгідегі анықтама;
- Оқу жүктемесін бөлу, тарифті бекіту, аттестаттауға дайындау, педагогтерді мадақтау.
51. Педагогикалық кеңес жұмысы оқу жылына әзірленген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Педагогиқалық кеңестің отырысында қарастырылып білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Педагогикалық кеңес жылына кем дегенде бес рет жиналады.
52. Мемлекеттік мекеменің осы Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқығы жоқ.
53. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі: құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының, сондай-ақ оған қатысты осы Жарғыда көрсетілген мүлікке қатысты құқық субъектісінің, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыратын орган.
4 тарау. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
54.Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданың білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
55. «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданың білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекеменің басшысы тағайындалады;
2) мүлікті мемлекеттік мекемеге бекітеді;
3) мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, қалыптастыру тәртібін және өкілеттіктерінің мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқаратын қызметінен босатудың негіздерін белгілейді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің штат санын, тарифтеу тізімдерін және өзге де Қаржы-шаруашылық құжаттамасын келіседі;
8) Жылдық қаржы есебін бекітеді.
9) Мемлекеттік мекемеге берілген немесе жеке меншік нәтижесінде сатып алған мүлікті қайта бөлу немесе қайта бөлу мақсатында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жазбаша келісім береді;
10)Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысына мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғыменжәне "білім бөлімі" мемлекеттік мекемесімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
56. Тағайындау ережелеріне сәйкес «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы коммуналдықмемлекеттік мекеменің басшысын білім беру саласындағы уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
57. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тікелей бағынады және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікті алады.
58. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы жеке басшылық қағидаттары бойынша әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметі туралы өз бетінше шешім қабылдайды.
59. Коммуналдықмемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғысына сәйкес емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер, еңбек міндеттерін бұзу, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту шаралары болып табылады.
60. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдықмемлекеттік мекеменің басшысы:
1) коммуналдықмемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) коммуналдықмемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
3) келісімшарттар жасайды;
4) сенімхат береді;
5) іссапарларға, тәжірибеден өтуге, қызметкерлерді Қазақстандағы және шетелдік оқу орталықтарына оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа түрлері бойынша коммуналдықмемлекеттік мекеменің жоспарларын бекітеді;
6) барлық қызметкерлер үшін бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдықмемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдықмемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады;
9) Өзінің орынбасарларының және коммуналдықмемлекеттік мекеменің басқа жетекші қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік мерзімдерін анықтайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және «Қарағанды облысының білім басқармасы Нұра ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5 тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құру тәртібі
61.Коммуналдықмемлекеттік мекеменің мүлкін құны оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдықмемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың есебінен қалыптастырылады:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
62.Коммуналдықмемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.
63.Мүліктің сақталуына жауапкершілікті коммуналдық мемлекеттік мекеменің материалды жауапты қызметкерлері жауап береді.
64.Коммуналдықмемлекеттік мекеменің қызметі Қарағанды облысының бюджетінен қаржыландырылады.
65.Коммуналдықмемлекеттік мекеменің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
6 тарау. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
66. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қарсы келмеуге тиіс.
7 тарау. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
67. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданылып жүрген заңдарда белгіленген өкілеттіктерге сәйкес осы шешімді қабылдаған құрылтайшының немесе органның шешімі бойынша жүргізіледі. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтеді.
8 тарау. Коммуналдықмемлекеттікмекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
68. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе құрылтайшы қайта бөледі. Таратылған Коммуналдықмемлекеттік мекеменің ақшасы, осы заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақша тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.
9 тарау. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері
туралы мәліметтер
69. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
Директоры ___________________ Маханова Б.К.
(қолы)