3-сынып оқушылары отбасыларымен бірге «Бір күн телефонсыз» атты отбасылық іс-шараға қатысты. Іс-шараның мақсаты – отбасы мүшелерінің бір-бірімен көбірек уақыт өткізуіне, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ықпал ету. Балалар ата-аналарымен бірге кітап оқып, үстел ойындарын ойнап, серуендеп, әңгімелесіп, түрлі қызықты істермен айналысты.Телефонсыз өткен бір күн – отбасыға сыйлаған жылы қарым-қатынас пен ұмытылмас сәттерге толы болды. Мұғалім: Исмагамбетова Т.С. #Нұра_білім_бөлімі @takishevdarkhan #Otbasym2026