back-image
КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Ахмета Байтурсынулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Опорная школа (ресурсный центр) имени Ахмета Байтурсынулы"
"Қамқор жобасы "
26-01-2026 16:12

Қаңтар айының 26 күні ,"Қамқор жобасы " аясында мектеп волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерлер мен қарт адамдардың ауласын қардан тазартып, қолғабыс етті. Акция аясында волонтерлер көмекке аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, арасында мейірімділік пен белсенді азаматтық ұстаным мәдениетін қалыптастыруда.Айта кету керек, көрсетілетін көмек тек физикалық еңбекпен шектелмейді. Волонтерлер тұрмыстық басқа да жағдайларға қолғабыс етіп, қарияларға рухани қолдау жасайды.«Қарт адамдар үшін мұндай жұмыс оңай емес. Сондықтан волонтерлердің көмегі біз үшін өте маңызды. Қазіргі жастардың үлкендерге құрметпен қарап, осындай игі істерге атсалысып жүргені қуантады. Барлығыңызға алғыс айтамын», -деді қарт әжеміз.
Бұл бастама ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға ықпал етуде. Қарттар волонтерлерді ризашылықпен қарсы алып, шай мен тәтті ұсынып, алғысын білдіреді.
«Біз «Қамқор жоба» акциясын тұрақты түрде өткіземіз. Оның мақсаты – жеке секторда жалғыз тұратын зейнеткерлерге қар күреу бойынша көмек көрсету.

Новости