
20-қазан күні 2- сыныпта “Республика күні“ тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға Республика күні туралы мағлұмат беру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу. Сынып сағатында оқушылар Тәуелсіз Қазақстан туралы тақпақтар, ән айтты. Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсетілді. Оқушылар Республика күнінің мәнін түсініп, патриоттық рухта тәрбиеленді. Сонымен қатар, “Егер жабайы жануарларды кездестірсем не істеймін?” қауіпсіздік сағатына тоқтап сабақ барысында оқушыларға орманда немесе далада жабайы жануарды кездестірген жағдайда не істеу керектігі туралы түсінік берді. Әңгімелесу, сұрақ-жауап, жағдаяттарды талдау әдістері қолданылды.