
1 қыркүйек - барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Бұл күн - жаңа оқу жылының бастауын білдіретін, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды қуанышқа бөлейтін сәт.
Бүгін «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (РО)» КММ табылдырығын аттаған жас бүлдіршіндер үшін ең алғашқы қоңырау соғылып, үлкен өмірге жол ашылды. Олар үшін бұл - жаңа білімге бастар, жаңа достыққа жетелер маңызды күн. Салтанатты іс шараға Қайнар ауылының әкімі Садыков А.А. және ардагер ұстаз Куртбаева К.С. қатысып құттықтады.
Салтанатты шарада білім ордасына енді ғана қадам басқан бірінші сынып оқушыларының өлеңдері айтылып, өнерпаздар әннен шашу шашып, алғашқы қоңырау соғылды.
Баршаңызды 1 қыркүйек- білім күнімен құттықтаймыз.