
"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында Ахметова Алтынай Сайлюбаевна 8 сыныпта сынып сағатын өткізді.
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық — зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық – өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады.
Адамды өзара түсіністікке жеткізетін шынайы да, тұрақты сүйіспеншілік дәстүрлері де тек салауатты отбасында ғана қалыптасады.
Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау- баршамыздың борышымыз.