back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
"Буллингтен қорған!"
16-09-2024 13:18

Ахметова Алтынай Сайлюбаевна 8 сыныпта "Буллингтен қорған!" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Сынып сағаты барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. «Миғашабуыл» әдісі арқылы оқушылардың көзқарастарын біліп, ойға шақырылды. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды.
Ағылшын тілінен аударғанда “bullying” "кемсіту", “келемеждеу”, “қорлау” деген мағынаны білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, буллинг дегеніміз – адамның өзгеге күш көрсетуі, қорлауы. Смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.
 Буллингтің кез келген түрі қауіпті.

Новости