back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
"Білімім - Отаныма!"
24-05-2024 10:00

"Білімім - Отаныма!" тақырыбында
7 сыныпта Ахметова Алтынай Сайлюбаевна сынып сағатын өткізді.
Отан!
Басайын сенің барлық жолдарыңды,
Қосайын құстар салған хорға әнімді.
Бұлбұлдың әуезіне араласып,
Бұл әнім араласын орманыңды, — деп «Отан» деген сөздің мағынасын ашып, осы сөзге баға берген. Ал сол Отанның тұтқасын ұстайтын оқушылар. Болашақ жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту арқылы оқушылардың бойына ұлттық, заманауи құндылықтарды сіңіре аламыз.
Білімді адамның, ала алмайтын биігі жоқ. Бәріне де өнердің, білімнің нәтижесінде қол жеткізуге болады.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.
Сендер – тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектері, сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық оқушылар.

Новости