back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Республика күні
23-10-2023 23:05
23.10.2023ж Республика күніне қарсы  Ахметова Алтынай Сайлюбаевна сынып сағатын өткізді. Отанымыздың тарихы туралы мол мағлұматтар берді. Әңгімелер слайдтармен де, бейнероликтермен де, тақырып бойынша презентациялармен де сүйемелденді. Оқушылар Қазақстан Республикасының құрылуы, Тәуелсіздік алуы, елорданың Астанаға көшуі сияқты маңызды оқиғалар жайлы ой бөлісіп, еліміздің көрікті жерлері жайлы да сөз қозғады. Сондай-ақ, оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтар қарастырылды.
Сынып сағаттарының алдына қойылған мақсаттар орындалды.
Бұл шара жоғары  деңгейде өтті.
Республика күніне арналған сынып сағатында оқушылар тек презентация слайдтарын көріп, мұғалімнің сөзін тыңдап қана қоймай, тақтада жұмыс жасап, тапсырмаларды топтық жұмыста орындады.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Новости