Қазан айының алғашқы мерекелерінің бірі ол біздің үлкен аталарымызбен апаларымыздың мерекесі. Бірінші қазан қарттар мерекесі күні құтты болсын демекшіміз. «Бабаларым, рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп бос кеуде, Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз. Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер! Ахметова Алтынай Сайлюбаевна 7 сынып оқушылар арасында сынып сағатын өткізді.
Бірінші қазан қарттар мерекесі