back-image
"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
"Парасаттылық-әлемнің іргетасы"
18-09-2023 11:38

"Парасаттылық-әлемнің іргетасы" тақырыбында Ахметова А.С  7 сынып оқушыларымен сынып сағатын өткізді.  Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын адамгершілігі бар бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Адамның адамгершілік, адалдық, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс - әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденгеніне тоқталып мысалдар келтірді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын жетік жеткізді. 

Новости