ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ!
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ!
Мектебімізде террорлық акт қаупінің алдын алу және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу барысында оқушылар мен мектеп қызметкерлері дабыл кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтап, белгіленген тәртіп бойынша эвакуациялау іс-шараларына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды жетілдіру.