«Қарттарым – асыл қазынам»
1 қазан – Қарттар күніне орай 3 «Қазақ» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбиелік сынып сағаты өтті.
Сынып сағатына ардақты аталар мен әжелер шақырылып, оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен ұлттық ойындарымызды таныстырды. Аталарымыз асық ойыны мен ат әбзелдері туралы айтып, әжелеріміз ою ойып, ұршық иіру өнерін көрсетті.
Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең оқып, би билеп, ән орындады.
Іс-шараның басты мақсаты – үлкенді құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
Қарттарымыз – асыл қазынамыз, ақылдың кені, өнегенің бұлағы!