«Ұлттық мектеп лигасы – Футбол» аймақтық жарысы
2026 жылдың 24 қыркүйек күні Ахмет ауылындағы «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектепте» 9–11 сынып оқушыларының ұлдар арасында «Ұлттық мектеп лигасы – Футбол» аймақтық жарысы өткізілді.
Аталған спорттық іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында футбол спортын насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың дене шынықтыру дайындығын жетілдіру және спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Жарысқа 9–11 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Жарыс барысында оқушылар өздерінің шеберліктерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын және командалық ойын қабілеттерін таныта білді.
Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің 9–11 сынып оқушыларынан құралған ұлдар командасы жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды.
Жеңімпаз команда арнайы марапатталып, оқушылардың спорттық жетістігі атап өтілді. Бұл нәтиже оқушылардың футболға деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыра түсті.
«Ұлттық мектеп лигасы – Футбол» аймақтық жарысы