Құрметті оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар! Ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың І мектепішілік кезеңі өтетінін хабарлаймыз! Өткізілетін орны: Р. Асубаев атындағы ЖББМ Техникалық тур: 2026 жылғы 24–25 қыркүйек Олимпиаданың өткізілу мерзімі: 2026 жылғы 28–30 қыркүйек Форматы: smart.darynn.kz онлайн-платформасында тестілеу түрінде өткізіледі Байқаудың мақсаты: Оқушылардың дарындылығын айқындау, пәндік білімін шыңдау және зияткерлік потенциалын арттыру.Барлық 9–11 сынып оқушыларына сәттілік тілейміз! Білімді де белсенді оқушыларымызды олимпиадаға қатысуға шақырамыз!