«Жасына қарамастан адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әр адамның жасына, әлеуметтік жағдайына және жеке ерекшеліктеріне қарамастан ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеудің м
«Жасына қарамастан адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әр адамның жасына, әлеуметтік жағдайына және жеке ерекшеліктеріне қарамастан ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеудің маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық пен әдептілік мәдениетін қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында адам құқықтары, жеке тұлғаның қадір-қасиеті, үлкенге құрмет, кішіге ізет, өзара түсіністік пен жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жағдаяттық тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы адамның ар-намысына тиетін сөздер мен әрекеттердің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарау жолдарын талқылады.