Мектептің бракеражды комиссиясы тарапынан асхана жұмысына жоспарлы тексеру жүргізілді
Мектептің бракеражды комиссиясы тарапынан асхана жұмысына жоспарлы тексеру жүргізілді. Тексерудің негізгі мақсаты – білім алушыларға ұсынылатын тамақтың сапасы мен қауіпсіздігін, тағамдардың санитариялық талаптарға сәйкестігін және асханадағы тамақтану тәртібінің сақталуын бақылау.
Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, сыртқы түрі, дәмі мен температурасы, тағамдардың бекітілген мәзірге сәйкестігі, азық-түлік өнімдерінің сақталу жағдайы мен жарамдылық мерзімдері қаралды. Сонымен қатар асханадағы санитариялық жағдай, ас дайындау және тарату тәртібі, ас блогы қызметкерлерінің тазалық талаптарын сақтауы бақылауға алынды.