back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
«Ұстаз еңбегі — ұрпаққа өнеге»
02-10-2026 08:47
«Ұстаз еңбегі — ұрпаққа өнеге»
8 қазақ «Жас сақшы» сыныбының оқушыларына арналған «Ұстаз еңбегі — ұрпаққа өнеге» атты сынып сағаты ұстаз мамандығының қадір-қасиетін ұғындыруға, өскелең ұрпақтың бойына патриотизм мен адамгершілік құндылықтарын сіңіруге бағытталды. Іс-шараны сынып жетекшісі Малика Канатовна мен “жас сақшы” тобының жетекшісі Аяжан Қазбековна жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Мақсаты мен міндеттері:
* Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттырып, ұстаздық жолдың маңыздылығын түсіндіру.
* «Жас сақшы» сыныбының оқушыларында отансүйгіштік, жауапкершілік және тәртіптілік қасиеттерін қалыптастыру.
* Ұрпақтар сабақтастығын нығайту және тәжірибелі ұстаздардың өмір жолын үлгі ету.
Кездесудің мазмұны мен барысы:
Іс-шараның ең маңызды сәті — құрметті қонақ, ұлағатты ұстаз Марал Сайлауовна Шеркеновамен болған жүздесу болды. Қонақ өз педагогикалық жолы туралы әңгімелеп, өмірлік тәжірибесімен бөлісті және оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты.
«Жас сақшы» сыныбының оқушылары кездесу барысында белсенділік танытып, қадірменді қонаққа арнайы әсем ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Рухани мәні жоғары бұл кездесу балалар мен қонақтың жүрегінде терең әсер қалдырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Новости