«Ұстаз – ұлағатты есім»
2 қазан күні Р. Асубаев атындағы ЖББМ-де 9-10 сынып оқушыларымен
ұстаздар күніне орай ардагер ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу және кейінгі ұрпаққа өнеге ету мақсатында Уашев Дәулет Сарсенбековичпен «Ұстаз – ұлағатты есім» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ардагер ұстаздың педагогикалық жолы, мектептегі көп жылғы еңбегі мен шәкірт тәрбиесіне қосқан үлесі туралы жылы лебіздер айтылып, естеліктермен бөлісілді. Қатысушылар ұстаздық мамандықтың қадір-қасиеті, ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызы туралы ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел соңында ардагер ұстазға мектеп ұжымы мен оқушылар атынан ізгі тілектер айтылып, мерекелік құттықтау жасалды. Іс-шара жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, ұстаз еңбегін бағалауға, адамгершілік пен құрмет құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.