Дублер күні
Дублер күні – оқушының ұстаздық қабілетін шыңдайтын ерекше күн!
Мектебімізде Дублер күніне орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні оқушылар ұстаз рөлін сомдап, білім алушыларға сабақ беріп, өздерінің жауапкершілігі мен көшбасшылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара саптық жиыннан басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Оқушылар мерекелік күнге белсенді қатысып, ұстаз еңбегінің маңызын сезіне білді.
Дублер күні – оқушыларға мұғалім мамандығының жауапкершілігін түсінуге, өзіне деген сенімділігін арттыруға және ұстаз еңбегін бағалауға мүмкіндік берген мазмұнды күн болды.