back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
5 күндік оқу-дала жиыны
18-05-2026 09:27
5 күндік оқу-дала жиыны
5 күндік оқу-дала жиыны басталды
Мектебімізде 18–22 мамыр күндері аралығында 10-сынып оқушылары арасында дәстүрлі 5 күндік оқу-дала жиыны басталды. Аталған жиын алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні аясында ұйымдастырылып, оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға, жауапкершілік пен тәртіпке баулуға бағытталған. Жиын барысында 10-сынып ер балалары саптық дайындық, әскери жарғылармен танысу, алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер, қорғаныс құралдарын пайдалану және дене даярлығы бойынша тәжірибелік сабақтардан өтеді. Ал қыз балалар мектеп медбикесімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету, адам денсаулығын сақтау, жарақат кезіндегі көмек түрлері мен қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы сабақтарға қатысады. Бұл сабақтар оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастырып, кез келген жағдайда дұрыс әрекет етуге үйретеді. Жиынның алғашқы күнінде қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп, ұйымшылдыққа, батылдыққа және елжандылыққа тәрбиелеуде ерекше маңызға ие.
Новости