back-image
"Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
09-12-2025 15:43
«Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл»
9-сыныпта «Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, әскери шеберлігі мен батырлық тұлғасы туралы тың деректермен танысты.
Шарада батырдың нақыл сөздері оқылып, жазушылық қырына, әсіресе «Ұшқан ұя» шығармасының тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Оқушылар Момышұлының қайсарлығы, отаншылдығы, тәртіп пен адамгершілік жайлы өсиеттерінен үлгі алды.
Сынып сағаты барысында оқушылар батыр туралы бейнематериал тамашалап, пікірталасқа қатысып, ерлік пен елдіктің маңызы жөнінде ой бөлісті.
Іс-шара соңында «Батырлық – бірді, бірлік – мыңды жығар» тақырыбында эссе және постер жұмыстары ұсынылды.
Тәрбие сағаты оқушыларды отаншылдыққа, батырлар есімін қадірлеуге, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында жоғары деңгейде өтті.
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости