"Досбол like"
"Досбол like" бағдарламасы аясында 2-сынып оқушыларымен Әлеуметтік педагог Аргимбаева И.С. арт тренинг сабағын өткізді. Өткізілген арт-тренингтің мақсаты – балалардың қорқыныштарын жеңуге көмектесу және эмоционалды тұрақтылықты дамыту. Сабақ барысында оқушылар «қорқынышты құбыжықты» өз қиялымен өзгертіп, оны «көңілді құбыжыққа» айналдырды. Бұл шығармашылық жұмыс олардың қиялын дамытып, жағымсыз эмоцияларды позитивке айналдыруға, өз сезімдерін еркін білдіруге мүмкіндік берді.