«Досбол like»
Р.Асубаев атындағы ЖББМ-нің әлеуметтік педагогы Аргимбаева И.С. «Досбол like» бағдарламасы бойынша 7–8 сынып оқушыларымен тренинг сабақ өткізді. Өткізілген тренингтің мақсаты – жасөспірімдер арасында достық қарым-қатынас, өзара түсіністік және командамен жұмыс дағдыларын дамыту. Тренингте оқушылар сенім жаттығуларына, қарым-қатынасқа бағытталған ойындарға қатысып, эмоцияны дұрыс жеткізу мен дау-жанжалды бейбіт шешу тәсілдерін үйренді.