«Күйзеліске төзімділік» жобасы бойынша әлеуметтік педагог Аргимбаева И.С. тренинг сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың қобалжуын төмендету, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сабақтар барысында оқушылар жағымды ой қалыптастыру тәсілдері және өзін-өзі қолдау стратегияларымен танысады. Топтық ойындар мен психологиялық жаттығулар оқушылардың бір-бірімен сенімді қарым-қатынас орнатуына, ішкі қысымды жеңілдетуіне және жағымды көңіл күй қалыптастыруына көмектеседі.