«Қаржылық сауаттылық апталығы» аясында 2–3 сынып оқушылары арасында «Қаржылық Брейн-ринг» атты танымдық ойын-сайыс өткізілді. Шараның мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының ақша туралы түсінігін кеңейту, үнемдеу, жауапты қаржылық шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту.Сайыс барысында оқушылар топ болып жұмыс істеп, түрлі қаржылық тапсырмалар, ситуациялық сұрақтар, логикалық есептер мен тәжірибелік ойындар орындады. Шара оқушылардың белсенділігін арттырып, қаржылық мәдениетін дамытуға ықпал етті. #нұраауданыбілімбөлімі#адал_азамат#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi@altynsarin_akademiasy@obb_garagandy@umckrg