«Мектепке апарар жол»
«Мектепке апарар жол» акциясы – жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын игі шара. Акция аясында оқушыларға мектепке қажетті киім-кешек, оқу құралдары мен сөмкелер табысталады. Бұл бастама балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, олардың мектепке деген ынтасын арттырып, қуаныш сыйлайды. «Мектепке апарар жол» – мейірімділік пен қамқорлықты дәріптейтін, қоғамды ортақ игілікке жұмылдыратын маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.
Осыған орай мектебіміздің түлектері ИП “TOMIRIS SABIT”
Сайрам Аңсар Думанұлы және
Сайрам Томирис Ерланкызы спонсорлық көмек көрсетіп, жаңа оқу жылының басында балаларға қуаныш сыйлай білді. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып өз тарапымыздан алғысымызды білдіреміз.