back-image
КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа им. Рахима Асубаева"
1 қыркүйек
02-09-2025 10:40
1 қыркүйек
Алғашқы қоңырау — бұл жаңа оқу жылының басталуы мен білімге сапардың алғашқы қадамы. Бұл күн — мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар үшін ерекше сәт, ал жоғары сынып оқушылары үшін өмірдің жаңа кезеңіне бет бұру сәті.
Мерекенің басты мақсаты — білімнің, ұстаз еңбегінің және оқушының дамуының маңыздылығын көрсету. Салтанатты жиында оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар бас қосып, болашаққа сеніммен қадам басады. Ән айтылып, өлең оқылып, алғашқы қоңырау соғылады — бұл білім әлеміне шақырудың символы. 
Салтанатты жиынымызға ауылымыздың әкімі Сейткалиев А.Ш, Нұра білім бөлімінің әдіскері Жукушева А.С оқушыларымызға жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жылы лебізін білді. 
Алғашқы қоңырау — үміт пен жаңа мүмкіндіктер мерекесі. Бұл күн — ұстаз бен шәкірттің жүрегінде ұзақ сақталатын әсерлі сәттердің бірі.
#нұраауданыбілімбөлімі
#адал_азамат
#біртұтас_тәрбие @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости